Украина қарулы күштері-тамыз таң қылаң бере қайық-дрондармен Ресейдің Новороссийск портындағы әскери кемелерге шабуыл жасады. Шабуылға екі қайық-дрон қолданылған.
«Жау шабуылын тойтару барысында екі қайық-дрон қарсы оқ атумен жойылды. Кемелер зардап шекпеді», —дейді ресейлік тарап. Алайда бұл ақпаратты әлеуметтік желіде тараған фото және видеолар жоққа шығаруда.
Краснодар аймағының губернаторы Вениамин Кондратьев шабуылдың болғанын, барлық шабуылды сәтті тойтара білгенін жазды. Ал Новороссийск мэрі Андрей Кравченко болса шабуылды ресейлік «Оленегорский горняк» жіне «Суворовец» десанттық кемелері тойтарғанын айтты.
Алайда шабуыл расымен сәтті тойтарылды ма? Украина тарапы ресейлік десанттық кемеге қайық-дронның тура соққы жасаған видеосын жариялады. Артынша әлеуметтік желіде Новороссийск портында бір жағына жантайып қалған десанттық кеменің видеосы тарады. Кейін ресейлік телеграм арналар десанттық кемеге соққы жасалғанын мойындады.
Новороссийск портында Қазақстан үшін маңызды саналатын КТК құбыры орналасқан. Консорциум баспасөзі құбырға зақым келмегенін айтты. Бүгінде мұнай тасымалдау әдеттегі график бойынша жүзеге асуда. Алайда порт маңында уақытша кемелердің жүруіне тыйым салынған.
Украина қайық-дрондарды соңғы рет Қырым көпіріне соққы жасауда қолданған болатын. Ал 2022 жылдың қазанында Қара теңіз флотына шабуыл жасап, бірнеше кемені зақымдаған еді.
Mezgil.kz