Ресей өз армиясы қатарына өзге мемлекеттердің азаматтарын ақшаға қызықтырып тарта бастағанын бірқатар БАҚ тақырыптарына тамызық ете бастады.
Осы орайда Reuters агенттігі Қазақстанның интернет сегментінде «шетелдік бауырларға» арнау сынды жарнаманың пайда болғанын оның қойылымдық картинкасында Ресей мен Қазақстан тулары көрсетіліп, астыңғы жағына «иық тірестіріп» ұраны жазылып, «егер сіз бізбен келісімшартқа отырсаңыз 495 мың рубль көлемінде бір реттік өтемақы аласыз, әрі ай сайын сізге тұрақты түрде 190 мыңға таяу ақша және әскери ұрыс қимылына қатысқаныңыз қосымша ақы төленіп тұрады» деп жарнамаланған.
Бұл мемлекеттік сайт Сахалинде облыстық адам капиталын дамыту агентігі атынан тіркелген, әрі ынта білдірушілер Сахалинге барып, сол жерде келісімшартқа отырады.
Тап осындай жарнама Армения интернет сегментінде бой көрсеткен. Орыстың қазақ пен армянға ұсынған жалақысы Мәскеу мен Мәскеу маңы келісімшартқа отырушыларымен бірдей дейді аталған агенттік.
Осы жылғы қаңтар айындағы бір сөзінде Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу үш жыл ішінде келісімшартқа отырушылар санын 400 мыңға жеткіземіз дегені бар-тын. Енді ол сөзден іске көшіп, 1 сәуірден бастап, Орталық Азия мен Қапқаз елдеріндегі әскерге жарамды азаматтарды ақшаға қызықтырып, алдап-арбауға кірісті.
Дәл қазір Ресей жарнамасының құрығына қанша жерлесіміз түсіп қалғанын тап басып біле алмаймыз.
Mezgil.kz