Ыстамбулда Черкесия тәуелсіздігіне арналған алғашқы халықаралық конференция өтті. Жиынды ұйымдастырушылар әлем көшбасшыларын ХІХ ғасырда Ресей империясының черкес халқына жасаған геноцидін тануға шақырды.
«Черкес ұлты өзінің тарихи жерінде тәуелсіз Черкесия Республикасы құрылғанға дейін күресті жалғастырады. Бүгінде украин ұлты мен Украина мемлекеті черкес ұлтының басынан өткерген тарихына ұқсас өмірді бастан кешуде. Солтүстік Кавказ халықтары бірлесіп күрес жүргізіп, соның арқасында бірінен соң бірі тәуелсіздік алатын болады. Черкесияның тарихи аумағында құрылатын тәуелсіз Черкесия мемлекетінен басқа жарғыларды қабылдамайтынымызды бүкіл әлемге мәлімдейміз», - деді Біріккен Черкесия кеңесінің басшысы Кенан Каплан.
Біріккен черкес кеңесінің мүшелері егемендік алу черкестердің (кавказ) тілін, мәдениетін және ұлттық бірегейлігін сақтау үшін қажет деп мәлімдеді.
Бұған дейін биыл, 27 мамырда Киевте тау халықтарының тәуелсіздігіне 105 жыл толуына орай конференция өткен болатын. Ол жерде талқыланған мәселелердің бірі – черкес халқының геноцид көргенін мойындау болды. Біріккен черкес кеңесінің мүшелері Украинадан Ресей империясының черкестерге геноцид жасағанын мойындауды талап етті. Черкес геноцидін тану туралы петиция жарияланды.
Біріккен Черкесия кеңесі – тарихи черкес жерінде тәуелсіз Черкесия Республикасын құруға бағытталған үкіметтік емес жетекші ұйым.
Mezgil.kz