Қазақ-Ресей шекарасындағы "жабайылық": Бейжің Мәскеуді айыптады

Ресейдегі Қытай елшілігі ресейлік шекарашылыр қазақ-ресей шекарасында қытайлық туристерге «нағыз жабайылық әрекет танытты» деп айыптауда. Ресей тарапы бұл айыптауды мойындап, тек "бір ғана оқиға" болғанын айтуда.


Евросоюз подготовил санкции против Китая из-за помощи России - Financial  Times

 

"Біз бұндай әрекеттің екі ел арасындағы достыққа кері әсерін тигізетінін айтып, Қытай азаматтарының құқықтары өрескел бұзылғанын жеткіздік", - дейді Қытай елшілігі. Оның сөздерін South China Morning Post басылымы жазды.

 

Оқиға шілде айының соңында болған. Қытай елшілігі таратқан ақпаратқа назар аударсақ, ресейлік тарап Қазақстан аумағы арқылы Ресейге кірмек болған бес Қытай азаматының визасының күшін жойып, 4 сағаттан астам уақыт бойы оларды тергеген. Бұл оқиға туралы қытайлық танымал блогер Цзинь Вэньсинь арнайы ақпарат таратқаннан кейін Қытай қоғамы әлеуметтік желіде өз наразылығын білдіре бастаған. Ол 31-шілде күні арнайы ролик салып, өзін және төрт досын ресейлік тарап Астрахань аумағына кіргізбей қойғанын айтқан. "Ресей шекарашылары туристерге құдды бір қылмыскер сияқты қарады" дейді. Оның жариялымы әп-сәтте 30 мыңнан астам лүпіл мен миллиондаған қаралым жинап үлгеріп, қоғамдық резонанс туындатқан.  

 

Ресейлік тарап бұл оқиғаға қатысты жауап берді. Олар «туристердің визасының күшін жойған себебіміз визада көрсетілген орын мен тоқтайтын орындары сәйкес келмейді» дейді. Ресей тарапы қытайлық туристерді құшақ жая қарсы алатынын айтып, ешқандай да алалау жоқтығын жеткізді. Бейжің бұл оқиғаны қатаң зерттеуді сұрап отыр.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар