Өзбекстанда тігілген Nike Қазақстан сөрелерін жаулайды

Өзбекстан әлемдік нарықтағы брендтерді өзіне шақыруда бірқатар жетістікке жетті. Енді әлемге танымал Nike брендінің аяқ киімдерін Әндіжандағы Sino International компаниясы тігеді. Олар күніне 6 мың дана Nike кроссовкаларын тігуді жоспарлап отыр.


В Узбекистане начнут выпускать кроссовки Nike и Adidas - новости Kapital.kz


Өзбекстан тарапы әлемдік бренд қойған талаптың барлығын орындады. Әлемдік стандартқа сай сапа мен тігін фабрикасындағы қауіпсіздік, жұмысшыларды әлеуметтік қамтамасыз ету сынды талаптар толық орындалған. Ташкентке Nike талабын орындауға бірнеше жыл уақыт кеткен.

Бүгінгі таңда компания аяқ киімнің табаны мен үстінгі жабындысын жасайтын линияларды іске қосты. Өзбек компаниясындағы өнімнің дизайнын, оның жасалу технологиясын Қытайда орналасқан Nike филиалының мамандары қарап, қадағалап отырады. Олар тігіншілердің біліктілігін арттыру курстарын да жүргізеді.

"2019 жылы әлемге танымал Nike компаниясы ресми түрде Өзбекстанда бренд атынан аяқ киім шығаруға өз рұқсатын берді. "Узчармсаноат" ассоциациясының негізінде жасалған арнайы стратегияның арқасында американдық брендті Өзбекстанға әкелу үшін Nike компаниясы бізді өнім шығарушы елдер қатарына қосты", —дейді Sino International.

Nike өнімдерін Өзбекстан Орталық Азия елдері мен Пәкістанға сатпақ. Артынша Еуропа елдерінің сөрелеріне де өнімдер жол тартады. Жақын аралықта Қазақстан дүкендерінде Өзбекстанда тігілген Nike өнімдері қаптайды деген сөз. Өзбекстан өнімді өндіру құқығына ие болып, ресми штрих-код алған ел саналады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар