Ресей тыңшылары ұсталды: "Вагнерді" жарнамалап жүр

Польша билігі Краков пен Варшавада «Вагнер» туралы үнпарақ таратып, халыққа ресейлік агрессияны насихаттаған екі ресейлікті ұстады. Бұл туралы Польша ІІМ басшысы өз туиттер парақшасында жазды. Ресейліктерге тыңшылық жасады деген айып тағылып отыр. Бүгінде екеуі де қамауға алынған.


Польша создает специальное подразделение для борьбы с ЧВК «Вагнер» в  Беларуси | Новости Таджикистана ASIA-Plus

 

Polska Agencja Prasowa басылымы ұсталғандардың Варшава мен Краков қалаларында Вагнердің логотипі бар үнпарақтарды ғимараттар мен аялдамаларға жабыстырғанын айтады.  Оларға Мәскеуден 3000 дана үнпарақ жіберілгені анықталды.

 

Басылым ұсталғандардың есімі Алексей Т. және Андрей Г. екенін жазды. Олар қос қалада 300 үнпарақты жабыстырып, үлестіріп үлгерген. Әр жабыстырған үнпарақты суретке түсіріп, анонимді чатқа жіберіп отырған. Олар өз жұмыстарына 500 мың рубль алуы тиіс еді, ал 12 тамыз күні істі бітіріп, Польша аумағынан кетуі тиіс болған. Алайда олардың жоспары іске аспай, ресейлік тыңшылар қолға түсті. Польша заңына сәйкес екеуі де 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Прокуратура олардың әрекетін ЕО мен НАТО-ға бағытталған гибридтік соғыстың бір бөлігі деп қарастыратынын айтты. Бұған дейін дәл осындай әрекет жасаған ресейлік тыңшылар Париж бен Берлинде ұсталған болатын. Үнпарақтағы QR-кодқа кіру арқылы «Вагнер» құрамына қосылу жолдары мен телефонын табуға болады. Осылайша поляктарды ресейлік тыңшылар жұмысқа шақырған.  

 

Вагнер тобының Беларусь жеріне орнығып, Польша шекарасы маңында оқу-жаттығу әрекеттерін өткізуі Варшаваны алаңдатып отыр. Поляктар Беларусь шекарасы маңына қосымша әскери күш топтастырып, шекара күзетін күшейтті. Тамыз айының басында Беларусьтың екі тікұшағы Польша шекарасының әуе кеңістігін бұзған еді. Польша билігі бұл әрекетті арандату деп атаса, беларусь билігі тікұшақтары Польша аумағына кірмегенін айтты.  


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар