Ресейде жойқын жарылыс: Қазақстан көңіл айтты

Ресейдің Махачкала қаласында жойқын жарылыс болып, 35 адам көз жұмды. Көз жұмғандар арасында үш бала бар. Жарылыс жанармай бекеті маңында болған. Өрт бекеттегі жанармай толы цистерналарға жетіп, артынша жарылыс қайталанған.


В Махачкале прогремел взрыв — РБК

 

Ресей ТЖ мәліметі бойынша жарақат алғандар саны 105 адамды құрайды. Республика аумағында 15 тамыз қаралы күн болып бекітілді. Мамандар о баста жарылыс жанармай бекетіне қарама-қарсы орналасқан автосервисте болғанын айтады. Артынша қызыл жалын АЗС Nafta24 жанармай бекетіне өткен.

 

Тергеу комитеті өрттің неден шыққанын әлі анықтаған жоқ. Қайғылы оқиғаға дейін жанармай бекеті иесіне бірнеше мәрте қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл салынған көрінеді.

 

Әлем елдерінің басшылары қайғылы оқиғаға байланысты Ресей президенті Путин мен Ресей халқына көңіл айтуда. Олардың ішінде Қазақстан да бар. Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

 

«Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар