Қашқын: Ресейлік министр АҚШ-та жүк көлігін жүргізіп жүр

Ресейдегі Коми республикасының бұрынғы ауыл шаруашылық министрі Денис Шаронов 2022 жылдың қазан айында әскерге шақырту (повестка) алған соң, АҚШ-қа кетіп, саяси баспана сұраған. Бұл туралы ақпарат RTVI сюжетінде жарияланды. Бұрынғы министр Шаронов «Жаңа американдықтар» атты YouTube арнасындағы сюжетке де түсіп үлгеріпті.  


Устроился дальнобойщиком: российский экс-министр выехал в США из-за  повестки (видео)

 

Ол «Ресейде министр болған, АҚШ-та жүк көлігін жүргізуші» атты роликте өзі жайлы баяндайды. Шароновтың АҚШ-қа кетіп қалғаны жайлы ақпарат Ресей медиасында бұған дейін жарияланбаған еді. Ресей билігі ақпаратты білсе де, оны жария ету мобилизацияға кері әсер етіп, қоғамның көзқарасын өзгертуі мүмкін деп санаса керек.

 

Шароновтың айтуынша осыған дейін ол Ресейде екі мәрте заңмен қудаланып, екеуінде де өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп шыққан. Оның сөзінше Коми республикасындағы ауыл шаруашылық министрі қызметінен ол 2022 жылдың қаңтарында кеткен, себебі республика басшысы Владимир Уйбоймен сөзге келіп қалған. Ал 2022 жылы мобилизация жарияланған сәтте оған әскерге шақырту келуінің (повестка) басты себебі аймақ басшысымен арада болған қақтығысқа байланысты дейді.

 

«Маған қауіп төніп тұрғаны жайлы сигналдарды ала бастадым. Бірақ 2022 жылдың қазанында әскерге шақырту келген сәтте, мен барлығын түсіндім. Енді Ресейде қалуға болмайды деп шештім. Бұрынғы министрге кім әскерге шақырту жіберуі мүмкін, ол жағы бәріне түсінікті деп ойлаймын. Мен жасым бойынша әскерге алынуға, майданға аттануға сай келмеймін де. Сондықтан мен елден кетуге тиіспін деп шешім қабылдадым», -дейді ол.

 

Бүгінде бұрынғы министр Шаронов АҚШ-та жүк көлігін жүргізіп, ақша тауып жүр. Ол саяси баспана сұрауда. «Жүк көлігін жүргізіп, қалаарарлық маршруттар арқылы жүк тасу АҚШ-та ең көп таралған жұмыстың бірі. Бұл жұмыс та мәңгі еместігін түсінем, бірақ алғашқы қадамды осыдан бастадым», - дейді Шаронов. Ол АҚШ-та не істейтіні саяси баспана алу-алмауымен тікелей байланысты екенін айтты.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар