Мессенджерде «Ресейде 25-30 қыркүйекте 1 миллионнан аса адам әскерге алынады» деген хабар желдей есті. Бәрін бақылап отырған Ресей барлауы бұған еш қам қыла алмады.
Орыстар өз президентінің осы жылдың 13 маусымындағы мобилизаци жайындағы: «Кейбір қоғам қайраткерлері немесе миллион немесе екі миллион адамды әскерге алуға шақырады. Бұл біздің нені қалайтынымызға, қандай мақсат көздеуімізге байланысты... Біз қаңтар айынан бері контракті бойынша 150 мың адам жидық... оған дейін 300 мың адамды моблизациялаған едік» деген түлкі бұлаңға салған бұлыңғырлау сөзінен кейін әрі-сәрі күйге түсті.
Осыған байланысты өткен жылғы адам ағыны орын алмас үшін қазақтар қарап қалмай шекара бекеттерін салуға кірісіп кетті. Бұл турасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің шекараны қорғау департаментінің басшысының бірінші орынбасары Ахметқалиев 50 шекара бекетінің 20-сы РФ шекарасында орналасатын болады деп мәлім етті.
Бұның өзі дәтке қуат болып отыр. Тілі ғана емес, пиғылы да жат империялық пиғылдағы азаматтар ағылатын болса, елде жікшілдік факторы туындап, ұлтаралық қатынас тым ушығып кетер еді.
Билік былтырғы әскери қашқындар тасқынынан сабақ алып, осы жолы ресейлік әскерге жарамды ер-азамат ағыла қалса, кеудесінен итеріп, шекараны тас-түйін жабады деген сенімдеміз.
Mezgil.kz