Тағы апат: Зар жылатқан Миттал

Бүгін Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында өрт шықты.


Кто работал в шахте, тот поймёт | Пикабу

 

«17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Қазақстан" шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасының өртенген, апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіледі (ауа беру кері позицияға ауыстырылды). Орынға "КӘАҚҚ" РО 3 бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника) келді. Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қапталы арқылы адамдарды жер бетіне шығарып жатыр. Қазіргі сәтте 65 адам жер бетіне шығарылды. Бұл жерге қосымша "КӘАҚҚ" РШМ (15 қызметкер және 3 техника) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника) күштері келеді», – делінген жедел хабарламада.

 

Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков барды. "КӘАҚҚ" РО және ТЖД  қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қосымша көмек қолы жіберілді.

 

Шахтада 227 адам болған. Қазіргі кезде 222 қызметкер жер бетіне шығарылып,  5 адам әлі құтқарылмаған.

 

13 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Олар жөтеліп, бас ауруына шағымданған. Қазіргі уақытта төрт адам ауруханаға жатқызылды. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар