АҚШ президенті Джо Байден Орталық Азия басшыларын жинап, саммит өткізуді жоспарлап отыр.
АҚШ президенті Джо Байденнің Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевке жолдаған хатының мәтіні БАҚ-та жарияланды.
АҚШ президенті өзбек басшысын қыркүйектің аяғында Нью-Йоркта БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы сессиясының ашылуы кезінде өтетін «Орталық Азия - АҚШ» (С5+1) форматындағы бірінші саммитке шақырған.
Хатта АҚШ пен Орталық Азия президенттерінің кездесуі 19- 20 қыркүйекте белгіленгені айтылады.
«Мен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясын тағатсыздана күтемін. Онда біз халық өміріндегі ең маңызды мәселелер бойынша шешімдерге келеміз. 19-20 қыркүйектегі «C5+1» форматындағы ресми кездесуде сіз және әріптестерімізбен бірге қауіпсіздік, экономика және экология бойынша жалпы мақсаттарға жетуді талқылаймыз деп үміттенемін», - деп жазған Джо Байден.
Mezgil.kz