Сарапшы: Татарстан мен Шешенстан Ресейден бөлінеді

Кремльдің Украинаға басқыншылық соғысы басталғалы Ресейдің өз ішінен ыдырауы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жиі айтыла бастады. Ресейдегі автономды республикалардың оппозициялық топтары, белсенділері шет елдерде жиын өткізіп, тәуелсіздік алу туралы ойын ашық білдіріп жүр.

1692776669932807.jpg

Башқұрт Тәуелсіздігі қозғалысының жетекшісі таяуда «Ресей Федерациясы ыдырағаннан кейін Шешенстан мен Татарстан дереу өз тәуелсіздігін алады» деп мәлімдеді.

«Х сағаты туғанда (Ресей Федерациясының ыдырауын айтады-ред.) Шешенстан мен Татарстаннан шыққан көшбасшылар Кремльдің бұйрығын күтпей өзінәі тәуелсіз мемлекетін құра бастайды. Ал ел билеушілері Кремльге тәуелді. Шешенстан басшысы Қадыров билік пен диктаттың көмегімен алғашқы уақытта тақтан түспейді, ал Татарстан басшысы Минниханов татар элиталары мен оның айналасындағылардың көмегіне жүгінеді... Қалған ел өз тәуелсіздігі үшін, билік үшін күреседі, оның ішінде башқұрттар да бар», - деп жазды башқұрт қозғалысының жетекшісі өзінің телеграм арнасында.

Бұған дейін де Башқұртстанның Тәуелсіздік қозғалысының жетекшісі Руслан Ғаббасов Башқұртстан, Ичкерия, Татарстанның Ресейден тәуелсіздік алуы керек екенін айтқан болатын.

«Ресейдегі көптеген халықтың өз мемлекетігі бар, тілін, мәдениетін, тарихи болмысын жоғалтпаған. Ресей – халықтарды отарлау арқылы өмір сүріп, кеңейетін классикалық империя», - деді ол.

Ғаббасов Ресейдің «имперлік ауруын» емдеудің жалғыз жолы құрамындағы халықтарды ондаған тәуелсіз мемлекеттерге бөліп жіберу деп көрсетті.

«Осылайша, неміс халқы фашизмнен өзін емдегендей, Ресейдің халқы да өзін емдеуі керек.

Башқұртстан, Ичкерия, Татарстан және басқа да ұлттық республикалар тәуелсіздік алып, өз тағдырларын өздері шешуі керек», - деді Башқұртстанның Тәуелсіздік қозғалысының жетекшісі Руслан Габбасов Жапонияда өткен «Пост-Ресейдің еркін халықтары» форумында.

Ал Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы ««Пост-Ресейдің еркін халықтары» форумы Ресейдің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деп мәлімдеді.

«Пост-Ресейдің еркін халықтары» форумы – муниципалды және аймақтық көшбасшыларды, Ресей Федерациясының оппозициялық ағымдарының қатысушыларын, Ресей Федерациясын өзгерту мақсатында ұлттық қозғалыстардың өкілдерін біріктіру алаңы.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар