Сарапшы: АҚШ Маскке тіс қайрап отыр

Әлемнің ең бай тұлғасы және АҚШ-тың басты кәсіпкерінің бірі, әйгілі Илон Масктың беделінің күн санап артуы Пентагонды алаңдатып отыр. Жақында ғана New Yorker «Масктың көлеңкелі басқару империясы» атты зерттеу мақаласын жариялады.


Байден — это марионетка из мокрого носка в человеческом обличье», — Илон  Маск жёстко раскритиковал президента США

 

Журналист Ронан Фэрроу мақаланы жазуға бір жылға жуық уақыт жіберіп, зерттеген. Ол Маск пен Путин Ресейдің Украинаға басып кірген сәтінен кейін сөйлескенін анықтады. Маск Украинаға Starlink беру арқылы интернетпен қамтамасыз етіп келеді. Бұл Украина әскері үшін ұрыс даласында өте қажет және қарсы шабуылды интернетсіз елестету мүмкін емес. Алайда Пентагон сарапшылары жеке компанияның геосаяси қақтығыста бір тарапты интернетпен қамтамасыз етуі Маскке қысым рычагтарын беріп, оны қуатты ойыншыға айналдыруда деп санайды. Жақында ғана Маск Украина әскері Қырымға қарулы негізде кіретін болса, онда Қырым маңында интернеттті сөндіретінін айтқан болатын. Осының өзі Пентагонның күдігін растай түскендей.

 

«Маск соңғы 20 жылда маңызды стратегиялық салаларға инвестиция салып, қуатты ойыншыға айналды. АҚШ билігі оның қызметіне жүгінуге мәжбүр және Масктың қиқарлығына төзіп келеді. Алайда тараптар арасында қақтығыс болып, қарама-қайшылық күшейсе, онда Маск геосаяси ойын ережесін өзгертуге тырысуы ықтимал. Мысалы интернетті өшіру арқылы Украина әскеріне кедергі жасауы бек мүмкін», —дейді басылым зерттеуінде.

 

«Қазіргі НАСА-ның, Қорғаныс министрлігі мен Транспорт министрлігінің және өзге де сала мамандарының пікірінше, Масктың ықпалынан енді арылу қиынға соғады. Кейбірі тіпті оны бейресми билік деп те атайтын болды», — деп жазады Фэрроу.

 

АҚШ басылымдары Маск жайлы шулы зерттеу мен даулы мақаланы алғаш рет жазып отырған жоқ. Джо Байден әкімшілігі Маскты қарсылас санайтыны жайлы талай басылым жазған болатын. Жақында ғана Bloomberg «Масктың әлемдік империясы Вашингтонның бас ауруына айналды» атты мақала жазып, оның ықпалы президентке дейін жақындағанын айтқан еді.

 

Масктың соңғы уақыттағы әрекеттері АҚШ-тың мүддесіне кереғар болып келеді. Ол жақында ғана Украина соғысын ресейлік позициямен аяқтауға болатынын айтып, Ресейдің қолдауына ие болса, бірер ай бұрын Тайуань мен Қытай қосылуы керек деп, Вашингтонның позициясына қарсы шықты. Bloomberg «бұл әрекеттер үшін АҚШ билігі тіс қайрап отыр» деп жазды.

 

Масктың сырттағы кәсібі АҚШ-қа қарсы бағытталуы мүмкін күшке айналуы ықтимал дейді Фэрроу. Кәсіпкердің Teslaсының басым бөлігі Қытайда құрастырылады, ал Туиттерді сатып алуға қаржы Таяу Шығыстағы келісімдері арқылы жүзеге асырды. SpaceX ғарыштық жобасын дамыту үшін ол соғысқа дейін Путинмен сөйлескенін де жасырмады. Ал соғыстың қазіргі беталысына байланысты ол: «Мен ноутбугымды ашамын да, Украинаға берген интернет қондырғылары арқылы соғысты онлайн режимде көріп отырамын» деген болатын.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар