Путиннің кегі: Пригожиннің ұшағы атып түсірілді

 

Ресейдің Тверь облысында Embraer ERJ 135 бизнес-джеті құлады. Ол «Вагнер» басшысы Евгений Пригожинге тиесілі еді. Бортта жалпы 10 адам болған, бәрі қаза тапқаны айтылуда.


Евгений Пригожин предположительно погиб в авиакатастрофе в Тверской области  - Газета «Караван Ярмарка»

 

Кей ақпарат көздері бортта Пригожин де, “Вагнердің” негізін қалаған Уткин де болған дейді. Росавиация ұшаққа отырғандардың тізімінде Евгений Пригожиннің барын айтқан болатын.

 

Журналист Андрей Захаров болса Пригожин мен «Вагнер» қолбасшылары отырған ұшақтың бүгін Африкадан Ресейге ұшып шыққанын жазып, «Пригожин бұл бортта болмаса, онда бұл нағыз ғажайып болмақ» деп жазды.

 

Ұшақтың неден құлағаны нақты белгісіз. Бір ақпарат көздері ұшақты атып түсіргенін жазса, енді бір ақпарат көздері ұшаққа жарылғыш зат қойылғанын жазуда. Ресей билігі ұшақтың құлауына қатысты тексерісті бастағанын айтты.

 

Осы ретте Мәскеу әуежайына Пригожинге тиесілі тағы бір ұшақ келіп қонды. Алайда ұшақта Пригожиннің бар-жоғы белгісіз. Ұшақ әлі есігін ашып, ішіндегі азаматтарды сыртқа шығармаған.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар