Қазақстанға БРИКС, БРИКС-ке Қазақстан керек пе?

Бүгін президент Тоқаев БРИКС-ке онлайн режимде қатысып сөз сөйлейтінін Ақорда хабарлап айтты.

1692863323300447.jpg

БРИКС саммиті Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатыр. Тоқаев ОАР президентінің арнайы шақыртуымен, Шаңхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы статусында сөз сөйлейді делінген.

Саммитте БРИКС-ке қосылатын жаңа мемлекеттердің мәселесі қаралып, шешім қабалданады. Президент Тоқаев осыған дейін Қазақстан мен БРИКС елдерінің өзара сауда айналымын ұлғайтуға мүмкіндігі бар екенін айтқан.

БРИКС – мемлекетаралық бірлестік. Оған 5 мемлекет мүше, қазір. Олар: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай мен Оңтүстік Африка Республикасы.

Ал ШЫҰ – бұл да халықаралық ұйым. Оған мүше мемлекеттер: Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан мен Пәкістан. Басты мақсат-міндеті: Аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық, энергетикалық, ғылыми-мәдени байланыстарды нығайту.

Қазақстан БРИКС-ке мүше болғысы келді ме?

Дәл қазіргі таңда БРИКС-ке жаңа мүшелер қосылуда. Олар: Аргентина, Иран, Сауд Арабиясы, Мысыр мен БАӘ. Қазақстан да аталған ұйымға қосылуға ниет білдірген. Бұл туралы Қазақстанның СІМ-і айтқан. «БРИКС – дамушы экономикалардың үлгісі болды. Сондықтан Қзаақстан БРИКС-пен әріптестікке мүдделі», - деген.

Сөзсіз, табиғи қазба-байлығы мол Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды ойыншылардың бірі. Қазақстан қазірдің өзінде БРИКС-тің екі мемлекетімен шектеседі. Олар: Ресей мен Қытай.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар