Соғысты зерттеу ұйымы: «Вагнердің» күні бітті. Ол тарайды...

АҚШ-та орналасқан Соғысты зерттеу Институты (ISW) Евгений Пригожин мен Дмитрий Уткиннің өлімдерінен кейін президент Владимир Путин тарапынан «Вагнер» ЖӘҚ өз алдына дербес құрылым ретінде өмір сүруін тоқтады деген болжам жасады.

_129259499_p0fdkgzv.jpg

ISW осыған қатысты төрт түрлі болжал түрін ұсынады.

Біз білмейтін бір жайт: Кремль «Вагнерді» не таратады не болмаса, Қорғаныс министрлігіне бағынатын шағын ұйымға айналдырады. Оның жаңа басшысы Кремльдің айтқанынан шықпайтын жан болуы да әбден мүмкін.

«Вагнердің» бас көтерер қалған басшылары қос серкесінің өлімінен кейін БАҚ бетінде ләм-им деп жақ ашпауының өзі Путиннің кәріне ілігіп қалмайық деген сақтықта жатыр. Олар әліптің артын бағуда. Сол себепті ешкімде өзін Пригожиннің мұрагерімін деп жариялауға батылдық етпеді.

ISW ұсынған мына бір топшалауда нысанаға дөп тиеді. Кремль ендігі жерде «Вагнер» сияқты өз айтқанына көніп, айдауына жүрмейтін әскери құрылымдардан бойын мүлдем аулақ салатын болады. Сол себепті болашақ айдаһардың қос басын бірдей шапқан қадамаға әдейлеп барып отыр.

Путин Пригожиннің өлімінен ұлт қаһарманын еш жасамайды. Ал, «Вагнерліктер» үшін Уткиннің қазасы нағыз жүректе қатқан шеменге айналады. Сол себепті өздерін азат ойлымыз деп санайтын ресейлік әскерилер үшін Уткиннің өлі олардың қолындағы басты көзірге айналып, болашақ қақтығыстарда үлкен рөл ойнауы әбден мүмкін. Бірақ бұндай қадамға бару бірден бола қоймайды.

Путиннің төл баласы «Вагнер» ол үшін болашақта өзін шағатын жыланға айнала бастады. Әлемдік БАҚ «Путин жатқан жыланның құйрығын басты» деп ашық айтуда.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар