Мәскеу Ташкентке: "Сендер басмашы бандиттерді ақтап жатырсыңдар!"

Өзбекстан Жоғары соты КСРО кезеңінде қудалауға түскен 240 адамды ақтады. Бұл жолы 1929-1931 жылдары қуғындалған, іс ашылған азаматтар тарихи әділдік негізінде ақтауға іліккен.

bb8550ffacb1b3fe2e43618c4d10ae55.jpg

Сот алқасы реабилитациялық процессті қарастыру кезінде Өзбек және Қазақ ССР-і азаматтарына қатысты бес томдық істі қарап шыққан. Ондаға азаматтардың көпшілігі Сурхандария, Науаи, Самарқад, Қашқандария облыстары мен Қарақалпақстан Республикасында тұрғаны айтылады. Жоғары сот барлық азаматты Қылмыстық кодекстің 83 бабы негізінде («Ақтауға негіз бар») ақтап шықты.

Ақталған азаматтардың барлығы да КСРО кезеңінде басмашы қозғалыстарының мүшесі болып, кеңестік билікке қарсы күрескені айтылады. Ақталған 240 адам КСРО-ға қарсы қарулы көтерілістерге қатысып, антикоммунистік саясат жүргізді, бандалық топтарды құрды деп айыпталып, қудаланған, атылған, сотталған. Жоғары соттың жазбасы бойынша сол сәтте басмашы қозғалысына мүше болғандар әйгілі 78 баптың немесе 59 баптың аясында 5-15 аралығында сотталып, түзеу лагерьлеріне жіберілген. Олардың басым көпшілігі қайта оралмаған.

Өзбекстан билігі жыл сайын тамыз айында қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысын іске асырады. Ал тамыздың 31-күні Өзбекстанда қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Өзбек Жоғары Соты сәуір айында басмашы қозғалысына қатысқан 208 адамды ақтаған болатын. Ақтау процесстеріне Ресей тарихшылары мен саясаткерлері қырын қарап, «олар антикоммунистік банда өкілдерін ақтауда» деп дау шығарумен келеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар