Қазақстанға қай Путин келеді? Өзі ме, сыңары ма?

Осыған дейін Батыстық БАҚ Путиннің «бункерге бұғып», өз орнына «егіз қозы сыңарларын» түрлі шараға жіберетіндігін шуылдай жазған еді.

1693210894366160.png

Бұл ретте «Досье» орталығының ақпаратын ақтарған «dala inside» келесідей қызықты дерек тапты. Ресей Украинаға тап бергелі Путин ұшаққа отыруды қойыпты.

Қазақстанға іс сапарын алдын ала жоспарлаған Путиннің бұл сапарының жолын «Пригожиннің ит өлімі» кескен. Бұлай дейтініміз, енді бізге Путиннің өзі емес, «егіз қозысы» келеді екен сыбыс шықты. Бұған күмәнмен қарай алмаймыз.  

Путиннің жүріс-тұрысын жіті бақылайтын АҚШ Орталық Барлауы бұрынғы Путиннің «егіз қозыларын» нағыз Путинмен салыстырып, нағыз Путин мен оны алмастырушылардың дене бітімдегі, мінез-құлықтағы айырмашылықтарын әшкерелеп, әлем жұртшылығын ақыры өзіне сендіріп тынды.

Бұл арада ерекше тілге тиек етеріміз, поезбен сапар шеккен жан үшін Мәскеу мен Астананың арасы үш күндік жол. Дәл осы үш күндік жолға жасы жетпістен асып кеткен Владимир Владимировиштің жүрегі шыдамауы да мүмкін. Сондықтан «қасқыр да тыныш, қойшыда тыныш» болудың жалғыз амалы - «егізін» жіберу. Путиннің Қазақстан сапары күзге жоспарланған.  

Енді бізге келетін «егіз қозының» екі ел басшысының кездесу барысында не істеп, не қоятына көгілдір экраннан бақылау жасауымыз ғана қалды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар