Асқар Ақаев: Қырғызстан Украинаны емес, Ресейді қолдауға тиіс!

Түркі тілдес ТМД елдері ішінде қазба байлығына кедей ел – Қырғыстан. Әрі оның жанын сақтап отырған бір фактор – Ресейдегі еңбек мигранттары.

111194.jpg

Қырғызтанның бұрынғы президенттерінің бірі Асқар Ақаев айды аспанға шығаратын мәлімдеме жасады. Бұған керісінше, ол кеткеннен кейінгі болған президенттердің соңғысы басқарған кезде Қырғызстан Ресейдің Украинадағы соғысын жақтаған әншілерге өз елінде өнер көрсетуіне тыйым салды.

Енді әйкәпір болған Ақаевтың сөзін келтірейік: «Қырғызстан Ресейдің одақтасы, әрі ЕАЭО мен ОДКБ мүшесі ретінде, әрине, Ресейді қолдауға тиіс. Әрі бұл қолдауына дәл қазір Ресей зәру. Одақтастар тек басқа іс түскен қиын шақта танылады».

Бірақ осы мәлімдеменің артында үлкен зіл жатыр. ОА елдері Ресеймен мәңгіге қоштасуы керек дейді қоғам. Оған бүгінгі ОА билігі дайын ба?

Қырғызстанда соңғы 10 күнде Ресейлік 3 белсендісінің ұсталуы нені көрсетеді?  Егер біздің бұрынғы президентіміз де тап осылай деп есіре қалса, оған таң қалмайтын болдық. Өйткені, ОА билігі Ресеймен ат құйрығын кесіспей, бұл шаруа бітпейді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар