Украина Ресейге соққы жасады: Өртенген ұшақтар, отқа оранған зауыт

Түнде Украина Ресейдің алты аймағына шабуыл жасады. Аннексиядағы Севастополь қаласы да дрондардың шабуылына ұшырады. Ең жойқын соққы Псков қаласындағы әуежайға жасалғаны айтылуда.  


image.jpg

 

Соғыс басталған сәттен бастап, алғаш рет Украина бірден Ресейдің алты аймағына жаппай дрондар шабуылын ұйымдастыра білді. Шабуыл жасауға қатысқан дрондардың саны әзірге белгісіз. Алайда осыған дейін Ресей әуе қорғаныс жүйелері дрондарды жоюда тиімділік көрсетсе, бұл жолы дрондар шабуылы сәтті өткен.

 

Псковтағы «Кресты» әуежайына жасалған шабуылда Ил-76 әскери-транспорттық ұшақтары өртеніп кеткен. Ресей ақпарат көздері 4 ұшақтың жарамсыз күйге түскенін жазуда. Шабуылдан кейін әуежай бірнеше күнге жабылғаны хабарланды.  


Четыре самолета Ил-76 повреждены в Пскове после атаки беспилотников на  военный аэродром - Газета.Ru | Новости

 

Шабуыл жайлы алғашқы ақпараттар әдеттегідей әлеуметтік желіде пайда болды. Желі қолданушылары әуежай маңындағы өрт пен жарылыстың видеоларын жариялап, парақшаларына сала бастады. Артынша ресейлік сайттар да әуежайға шабуыл жасалғанын жазды. Ақпарат көздері камикадзе дрондардың бірі әуежайдағы жанармай құю алаңына соғылып, алапат жарылыс болғанын айтты.

 

«Әуежайға жасалған шабуылды тойтару үшін әуеге автоматтан оқ жаудыру көріністері де болды. Бұл дрондарды қағып тастауға бағытталған әрекет» деп жазды ВВС арнасы.

 

Псков әуежайы әскери және азаматтық мақсатта қызмет етіп келген. Ашық дереккөздерде әуежайда Ресейдің 334-ші әскери-транспорттық полкі орналасқаны айтылған. Бұл шабуылды әлемдік әскери сарапшылар «өте нәтижелі» деп бағалады. «Шабуыл Украина аумағынан 700 шақырым қашықтықта іске асқандықтан, Киев тарапынан дрондардың көмегімен жасайтын әскери операциялар аясы кеңейе түскенін түсіну қиын емес» дейді британ барлаушылары.

 

Псков әуежайы Эстонияға жақын орналасқан. Әлеуметтік желі қолданушылары «дрондар Балтық елдерінен ұшып келуі мүмкін» дейді. Алайда Ресей тарапының ресми билігі бұл нұсқаға қатысты жауап қатпады.


Самая массовая атака беспилотников на Россию: Псков, Брянск и другие регионы

 

Ресейдің Брянск қаласындағы микроэлектроника жасау зауытына екі дрон соғылғаны белгілі болды. Зауыт Ресей бойынша ең ірі микроэлектроника шығару кешенінің бірі саналады және әскери мақсаттағы құрал-жабдықтарды жасап келген. Қала тұрғындары бірден үш жарылыс болғанын айтады. Шабуылға ұшыраған зауыттың «Кремний ЭЛ» екені анықталды. Брянсктегі тергеу басқармасының ғимаратына да бір дрон соғылған.

 

Кей ақпарат көздері дрондар тобы «Дружба» мұнай базасына да соққы жасауға тырысқанын жазды. Алайда әуе қорғаныс жүйелері дрондарды қағып түсірген.

 

Бір түнде Украина алты бірдей облысқа шабуыл жасап, Ресейдегі ең мазасыз түннің бірін жасады. Севастопольге де дрондар шабуыл жасағаны жайлы ақпараттар бар. Ресей жауап ретінде Киев, Одесса, Херсон және Харьков облыстарына зымыран және дрон шабуылын ұйымдастыруға тырысты. Шабуылдан екі бейбіт тұрғын көз жұмған.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар