Смайыловқа сенім таусылды ма? Үкіметті кім басқарады?

Әне-міне, алғашқы қыркүйек келіп қалды. Бұл күн елімізде тек білім күні ғана емес, саяси маусымның қыз-қыз қайнайтын күні. Жазғы демалыстан оралған Парламент, бума-бума заң жобаларын талқылап, қарап, Үкіметтің де жылжабар маусымға аяқ аттайтын кезеңі.

1693386716669881.jpg

Сол есептен де, дәл 1 қыркүйекке Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы жоспарланған. Оған президент Тоқаев қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп күтілуде. Және маңыздысы қазіргі Ақорда айналасындағы гу-гу әңгіме – «Тоқаев 1 қыркүйекте Үкімет басшысын ауыстырады» деген сөз.

Қазақстан Үкіметін қазір Әлихан Смайылов басқарады. Ол «қасіретті қаңтардан» соң, Үкіметті тізгіндеген (2022 жылдың қаңтарында). Осы уқаыт ішінде Смайылов Үкіметіне айтылған сын аз емес. әсіресе, табиғи апаттар мен шетін оқиғалар секілді дағдарысты кезеңдерде Смайылов командасы баяу қимылдайтынымен есте қалды.

Одан бөлек, Әлихан Смайылов премьерлігі кезі – Ресейдің басұыншылық соғысымен тұспа-тұс келді. Жаңа орыс империализмін айыптаған әлемнің өркениетті елдері Ресейді оқшаулау саясатын белсенді бастап кетті. Қап-қап, мая-мая санкцияға тап келген Ресей бизнесі алыс-жақын шет елдерге көше бастады. Сол бір үркін көштің легі Қазақстанды да айналып өтпеді. Санкциядан қашқан Ресей бизнесі Қазақстан экономикасына дендеп енді. Сарапшылар, дәл Смайылов премьерлігі тұсында про-ресейләк һәм ресейлік олигархия Қазақстанның табиғи және экономикалық ресурстарына дендеп ене бастады деп сынайды.

Осыларды ескере сөз қорытсақ, ертең-бүрсігүні Әлихан Смайылов шын мәнінде қызметімен қоштасуы мүмкін деген талқыға көңіл бұруға тураы келеді. Ондай жағдайда Үкіметті кім тізгіндейді?

Біз «Usbanov arnasy» және «PARANOIA.KZ» телеграм арналарында әлеуметтік сауалнама жүргіздік. «Үкіметті кім тізгіндейді?» деп сауал тастадық. Сауалнама 5 мыңға жуық аудиторияны қамтып, 1556 адам дауыс берді.

а 1.jpg

Респонденттердің 29 пайызы (457 дауыс) Әлихан Смайылов қызметінде қалады деп есептейтінін білдірген.

Ал сауалнамаға қатысушылардың 25 пайызы (386 дауыс) Үкіметті тізгендеу үшін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сақадай сайланып отырғанын айтқан. Яғни, Үкіметті Ноғаев тізгіндеуі мүмкін деп есептейтінін білдірген.

Респонденттердің 20 пайызы (308 дауыс) Мәжілістің қазіргі төрағасы Ерлан Қошанов та Үкіметті тізгіндеп қалуы ықтимал деген нұсқаға сенетіндіктерін жеткізген. Сауалнама қатысушыларының арасында Үкіметтен үмітті деп есептелетін Алматының әкімі Ерболат Досаевқа сенім аздау болып тұр. Респонденттердің бар болғаны 9 пайызы (139 дауыс) Досаев Астанаға ауысады деп есептейді.

Сауалнамаға қатысушылардың 17 пайызы «жоғарыда аталған азаматтар Үкіметті тізгіндеуге лайық емес», - деп есептейді.

Респонденттер өз пікірлерінде Үкіметті басқару керек деген азаматтардың бірсыпырасының атын атаған. Олардың арасында: Асхат Аймағамбетов, Алтай Көлгінов, Ғалымжан Жақиянов, Әкежан Қажыгелдин, Мұхтар Жәкішевтердің аты аталады. Ал сіз не дейсіз?

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар