ОА басшылары: Кім ресейшіл, кім ресейшіл емес?

Бүгінгі Ресейдің халқының да, саяси билігінің де ой-санасын КСРО-ның елесі кезіп жүр дейміз ғой. Бұрынғы орталықтың ақ батасын алғысы келген немесе отарлық кезеңге лағынет айтқысы келген Орталық Азияның кейбір саясаткерлері мен президенттері КСРО-ға қатысты пікірлерін арагідік Ресей басылымдарына жариялап тұрады.

1693467279978032.jpg

Сонымен, ОА бұрынғы және қазіргі басшыларын ресейшіл және ресейшіл емес деп екі топқа бөліп қарастырған жөн шығар.

1693466679832882.jpg

Асқар Ақаев (Қырғызстан) – Ресейшіл...

Бұрынғы ОА президенттерінің арасында әйкәпір болған Асқар Ақаевтың сөзінен бастайық, әуелі: «Қырғызстан Ресейдің одақтасы, әрі ЕАЭО пен ҰҚШҰ (ОДКБ) мүшесі ретінде, әрине, Ресейді қолдауға тиіс. Әрі бұл қолдауымызға дәл қазір Ресей зәру. Одақтастар тек басқа іс түскен қиын шақта танылады».

Тап осы Ақаев: «ОА және өзге елдердегі жікішіл ұлтшылдықтың туындауы Горбачевтің кадрлық қателігінен бастау алды. Сонау Свердловтан Колбинді әкелгенше, жоғарғы кеңестің төрағасы Н.Назарбаевты сайлай салса, құдада тыныш, құдағида тыныш болар еді», - деген ой айтады.

Және барлық кінәні Горбачевке артып: «Қытайдағы Дэн Сяопин реформасынан үлгі алған жоқ, қоғамның тек экономика саласында ғана либералдануымен шектелмей орны толмас қателік жіберді», - деп зар жылайды.

1693466720105109.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев (Қазақстан) – Ресейшіл...

Біздің бұрынғы президентіміз де тап осындай ойды Ресей басылымдарына беріп жүрді. Оның Ақаевтан айырмашылығы – «Балтық бойын өз еркіне жіберіп, қалған одақтас республикаларды сақтап қалуға болатын еді», - деп уайым кешеді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақаев пікіріне алып қосары: «Бұндай өзгерістерді қатаң тәртіп, мықты билікпен жүзеге асыру керек еді».

1693466793575344.jpg

Садыр Жапаров (Қырғызстан) – Ресейшіл...

Нағыз ресейшіл президенттердің көшін Садыр Жапаров бастап отыр.

«Қырғызстан Ресеймен 200 жыл бір болды, әлі де 300 жыл бірге болуға әзір», - дейді бірде. Немесе 2019 жылы берген сұхбатында осы сабазың: «90% қырғызстандықтар Ресейге қосылуға қарсы емес», - деп сөйлеп, қырғыз қоғамында үлкен шу шығарған-тын. Осы шудан кейін Қырғыз президенті тарапынан мынандай жауап берілді: «Мен өзімді сынағанға көнтерлі жанмын. Маған жақпаған күйелері қалмады. Біреуі мені халық жауына айналдырғылары келеді. Айтылған ойды жүнін жұлған тауықтай етіп, босқа дауырықпау керек».

1693466833824655.jpg

Құрбанғұлы Бердімұхамедов (Түркіменстан) – КСРО-ны сүйеді...

Түркіменстан президенті болған Құрбанғұлы Бердімұхамедов ел парламентінің кезекті отырстарының бірінде КСРО кезіндегі жастарға тәлім-тәрбие беру тәжірибесіне қайтып оралуға шақырып: «Мен сөзімді жастар мен жастар ұйымдарының мүшелеріне арнаймын! Қай кезде болмасын, өткен дәуірімізде болған игі істерге мойын бұрып отыруға тиіспіз. Әлі есімде, балалық шағымызда біз әуелі октябрят, пионер, одан кейін комсомол болдық», - дегені бар.

1693466873397972.jpg

Эмомали Рахмон (Тәжікстан) – Путинге өкпелі...

Тәжік басшысы Эмомали Рахмон Астанадағы бір басқосуда Путинге өкпе-назын былай білдірген: «КСРО кезінде шағын республикалар мен аз ұлттарға назар аударылмаудың куәсі болдық. Тап осыны қазіргі Ресей көршілеріне, бізге қатысты әлі ұстанып келеді», - деген.

1693466918414342.jpg

Ислам Каримов (Өзбекстан) – Ресейшіл емес...

Өзбектің қос президенті де КСРО туралы еш жылы сөз айтқан жоқ.

Республика Конституцияның 19 жылдығын тойлау мерекесінде сөйлеген сөзінде Ислам Кәрімов: «Қазір ешкімге де құпия емес, алаөкпелген әлдекімдер бұрынғы КСРО аумағындағы жастардың ортасына ескі идеяларды тірілтіп, оның жаңғыруының ұрығын сепкісі келеді», - деп мәлімдегенін жақсы білеміз.

Осы орайда бұрынғы өзбек басшысы: «КСРО-ның құлауы заңды және табиғи процесс болды», - деген пікірінен көзі жұмылғанша қайтпай өтті. Енді оның осы бағыттағы ой-пікірін қазіргі Өзбекстан президенті де жалғастырып келеді.

1693466954337260.jpg

Шавкат Мирзиеев (Өзбекстан) – КСРО-ны қатаң айыптаушы...

Шавкат Мирзиеев «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» рәсімінде: «КСРО өзбектің сүт бетіндегі қаймақтарын қалқып алып, түрмеде сүйектерін шіртті және өзбектердің бостандыққа ұмытылысын басып отырды», - деп айып таққан еді.

«Тоталитарлық режим тек джадидтерді (1880-1920-ші жылдардағы джадидизмді жақтаушылардың ислам мәдениетін сақтап қалу үшін күрескен қоғамдық-саяси қозғалысы) құртумен шектеліп қалған жоқ. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары да біздің отандастарымыз түрмеге тоғытылып, түрлі жала жабылып орынсыз жапа шекті», - деп айтылған ойын нақтылай түседі.

1693467007225638.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев (Қазақстан) – Ресейшіл ме?

Енді сөзіміздің соңында еліміздің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың КСРО туралы қандай ойда деген сауалдың төңірегіндегі жауапты біз Ресей басылымдарынан табамыз. Дәл қазір ресейлік басылымдар: «Тоқаев бұрын бізге оң көзқараспен қараса, енді еліндегі көшелерінің атын өзгеріп, кеңестік атаулардан құтылуға көшіп, бізден ат-тонын ала қашуда», - деп зар жылап жазуда.

Орыс сарапшылары: «2022 жылға дейінгі және одан кейінгі Тоқаев екі адам. Ол бұрын КСРО-ның ыдырауы халық мүддесіне қарсы шешім десе, енді антикеңестік позиция ұстануға бір жолға көшкен жан», - деген тезисті ұстанады.

Бұған қатысты сіз не дейсіз?

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар