Қырғызстан президенті Садыр Жапаров АҚШ-тағы қырғыз диаспорасына екі киіз үй сыйлады. Киіз үйді табыстау рәсімі сенбі күні Чикаго қаласында өтті. Бұл туралы ақпаратты Қырғызстан СІМ хабарлаған болатын.
Садыр Жапаров киіз үйді қандастар арасындағы байланыс пен бауырластық жандана берсін деген ниетте жіберді дейді СІМ өкілдері.
Чикаго қаласындағы Қырғызстанның Бас консулы Болотбек Борбиев Садыр Жапаров атынан құттықтау сөзді оқыды. Қырғызстан президенті өз хатында қырғыз мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау, тілін ұмытпау маңызды екенін жазған.
Қырғыз мәдениетінің бір нышаны ретінде киіз үйлерде мәдени шаралар ұйымдастырылмақ. АҚШ-тағы қырғызстандықтар бұл киіз үйдегі шараға қатысып, өзара байланысын арттыру мүмкіндігіне ие болмақ.
Mezgil.kz