Өткен аптаның басты оқиғаларының бірі – Армения билігінің Халықаралық қылмыстық сотқа (ХҚС) Римдік статутты ратификациялауды бастағанын мәлімдеді.
Енді бұдан былай Гааганың сұрауы бойынша Армения республика аумағындағы әскери қылмыс жасаған тұлғаларды ұстап беруді өз мойына алды.
Бұл бастаманың мәтіні Парламент сайтында жария етілген жоқ. Әлі ешкім онда егжей-тегжей не жазылғанын толық білмейді. Десек те, Арменияда Римдік статутты ратификациялау процесі 2022 жылдың соңында басталды. Ел үкіметі бұл қадамға баруын Әзербайжан соғысымен түсіндірген болатын.
Әрине Ереванның бұл қадамына Мәскеу қарсы тұрды. Өйткені қазір халықаралық қылмыскер саналатын Ресей президенті Владимир Путин мен бала құқығы жөніндегі төтенше өкіл Мария Львова-Белова Армения жеріне бара қалса, қолдарына кісен түсіп, Гаагадан бірақ шығады.
Бірақ басы ашық бір сауал - Ресей президенті Владимир Путиннің табаны өз жеріне тие қалған шақта бұған Армения билігінің дәті жете ме?!
Mezgil.kz