Алтай қаласында белгісіз біреулер "Ленинді қайтарыңдар" деп жазып кетті

Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласының орталығындағы қоршаудың бірінде «Ленинді қайтарыңдар» деген жазба пайда болды.  Қызыл краскамен белгісіз адамдар «Верните Ленина» деп жазып кеткен. Коммуналдық қызмет пен қоршау тиесілі аймақ иесі бұл жазбаны өшуруге талпынған деседі. Бұл туралы ақпарат Press.kz сайтында пайда болды.


Хотели отреставрировать и снесли памятник Ленину в ВКО (ВИДЕО)

 

Әлеуметтік желіде пайда болған роликте, ер азаматтың жазуды өшіруге талпынғаны анық байқалады. Алайда оны өшіре алмаған. Ал роликті түсірген тұрғындар түрін көрсетпестен: «Лениннің ескерткішін неге қайтармайсыңдар? Неге орнына қоймайсыңдар? Барлығын сүріп тастау керек пе?» деп пікір білдірген. Артынша қоршаудағы жазуды өшіре алмаған соң, оны құлатып тастаған.


WhatsApp Image 2023-09-05 at 14.24.17.jpeg

 

Бір ай бұрын Алтай қаласындағы Ленин ескерткішін реставрацияға жіберу мақсатында оны тұғырынан алу сәтінде ескерткіш құлап, бөлініп қалған еді. Кейін бұл іске қатысты әлеуметтік желіде шу шықты.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар