Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Армения парламентінің Рим статутын ратификациялау туралы ұсынысын Мәскеу тексергенін, ендігі қадам Ереванның әрекетіне байланысты болатынын айтты.
«Кінәлілерді іздей бермей, ол (Пашинянды меңзеп тұр) өзінің ісіне жауап берсін. Жауапкершілік деген болуы керек. Барлық проблеманы біз екі жақты арналар арқылы шешеміз. Дұшпан елдерге келгенде байланыстар бұғатталады. Бұл біздің Бакумен диалогымызға қатысы жоқ. Сондықтан барлық мәселелерді, соның ішінде Әзірбайжанмен проблемалық мәселелерді біз екі жақты форматта шешеміз.
Мәскеу Лашын жолы мен Ағдам бағыты бойынша гуманитарлық жүктерді үздіксіз қабылдауды қолдайды және мәселені саясиландырудан аулақ болуға шақырады», - деді ол.
Кейінгі уақытта Мәскеу мен Ереванның арасы суи бастағанын байқауға болады. Таяуда Армения өз аумағында АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығулар өткізбек.
«11-20 қыркүйек аралығында халықаралық бітімгершілік миссияларға қатысуға дайындық аясында Арменияда бітімгершілік бригадасының «Зар» оқу орталығында және Қорғаныс министрлігінің «N» оқу орталығында «Eagle PARTNER 2023-пен» бірлескен армян-америкалық жаттығулары өтеді», - деп хабарлады Армения Қорғаныс министрлігі.
Бұдан бұрын Пашинян: «Біз Украинаға қарсы соғыста Ресейді қолдамағанымыз үшін Ресей де Арменияны Әзірбайжанға қарсы күресте қолдамады», - деген болатын.
Mezgil.kz