Қауіпті штамм пайда болды: COVID қайта соққы жасайды

Қоғам коронавирусты ұмытқандай. Алайда пандемия қайта оралуы ғажап емес, тіпті ғалымдар қауіпті болжамды жасауда. New York Post басылымы Нью-Йорктегі коронавирустың соңғы айда көбейгенін жазып, шектеулер енгізілуі мүмкін екенін айтты.


Перечень зарегистрированных в РК вакцин против коронавирусной инфекции COVID -19

 

Көпшілік дәл осындай ақпараттарды «қоғамды алдын-ала дайындау» деп сенім арта бермейді. Дәл осындай ақпараттардан кейін туризм саласы мен бизнес үлкен шектеулерге дайындала бастайды.

 

Соңғы айда АҚШ-та COVID жұқтыру фактісі бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 55%-ға артқан.  Ал Нью-Йорк штатында күніне орта есеппен 824 адам вирус жұқтыруда. Ауру жұқтырғандардың арасында ауруханаға жатқызылғандар саны 22%-ға артып отыр. Яғни күніне орта есеппен Нью-Йорк штатында коронавирус жұқтырған 100 адам ауруханаға түседі.  

 

«АҚШ бойынша вирустың жылдам тарауына жаңа анықталған EG.5 немесе eris деп аталатын штамм әсер етуде.  Соңғы уақытта вирус жұқтырудың 17% осы штаммға тиесілі»,-дейді сарапшылар. Ал коронавирустың жұғу қарқыны маусымның соңында басталған. Әлемде Pirola Covid атты штамм да таралуда. Бұл штаммда өзге штаммдардағыдай иіс сезу қабілеті жойылмайды. Адам штаммды қарапайым тұмаумен шатастыруы мүмкін.


ДДСҰ алаудаушылық танытып отыр. Әлем елдері туристерден ковид тест талап етуді қойған, бұл вирустың жаңа штаммының тезірек таралуына ықпал етуі мүмкін дейді. «Әлем халқы пандемия аяқталғандай жүр, алайда вирус әлі бар. Ол әлі де қауіпті және жаңа түрлері шығуда. Коронавирус күтпеген сәтте соққы жасауы ықтимал», - дейді сарапшылар.

 

Қазақстанда да вирус жұқтыру көрсеткіші артқан. Елімізде шілде айымен салыстырғанда тамыз айында вирус жұқтырушылар саны 1,5 есеге көбейген.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар