Тәуелсіз зерттеу: Украинада қанша Ресей сарбазы қаза тапты?

Ресей мен Украина арасындағы соғысқа бір жарым жылдан астам уақыт болды. Ресей билігі соғыс басталғалы бері қанша сарбаздың қаза тапқаны туралы статистиканы жариялауды тоқтатты. Алайда тәуелсіз зерттеушілер қаза тапқан ресейлік сарбаздар жайлы ақпаратты жинақтап, өз статистикаларын жасауда.


В РФ из Мариуполя привезли 10 полных КамАЗов с "грузом-200"

 

Соғыс басталған күннен бері қаза тапқан 31 665 ресейлік сарбаздың аты анықталды, олардың ішінде 3534 сарбаз мобилизацияланғандар қатарына жатады. Ресей билігі мобилизацияланғандар соғыс қимылдарына қатыспай, тылда еңбек ететінін айтқан еді. Зерттеуді "Медиазона" мен "Би-би-си" сайттары жариялады.

 

Зерттеу жұмысы қаза тапқан сарбаздар жайлы БАҚ беттеріндегі некрологтарға, әлеуметтік желідегі жариялымдарға сүйене отырып жасалған. Зерттеушілер қаза тапқандардың ішінде сотталғандар категориясына жататындар өте көп дедйі.

 

2023 жылдың 8-қыркүйегіне дейін қаза тапқан 5968 сотталушының есімі белгілі болған. Сондай-ақ, қаза тапқандар арасында мобилизацияланғандар мен еріктілер де жетерлік. Мысалы 3110 еріктінің аты-жөні анықталды. Журналистер 2023 жылдың 8-қыркүйегіне дейін 2411 офицердің оққа ұшқанын анықтаған. Олардың ішінде 295-і подполковник шенінен жоғарылар.

 

Ресей аймақтары бойынша ең көп адами шығын Краснодар аймағына тиесілі, онда 1205 адам көз жұмғаны анықталды. Свердловск аймағы 1111 адам, Башқұртстан 996 адам. Мәскеу қаласынан соғысқа аттанғандар арасында 315 адам көз жұмса, 327 Петербург тұрғыны оққа ұшыпты. Зерттеушілер бұл БАҚ беттерінде жарияланған ақпараттар ғана дейді. Көбіне оққа ұшқандар Ресейдің алыс аймақтарынан және әлеуметтік желіні көп қолданбайтын ауылдардан болғандықтан, көз жұмғандар саны 7-8 есе көп болуы мүмкін дегенді де айтуда. Ал жараланғандар саны қаза тапқандардан әлдеқайда көп.

 

Ресей билігі соңғы рет ресми статистиканы 2022 жылдың қыркүйегінде жариялады. Онда қорғаныс министрі Шойгу 5937 адам қаза тапты деген болатын. 


Ұлыбритания барлау қызметі тамыздың соңында 190-210 мың арасында ресейлік сарбаз қаза тауып, 350 мыңға жуық сарбазы жараланды дегенді айтса, АҚШ қаза тапқан, жараланғандар саны шамамен 280-300 мың арасында дегенді айтуда. Батыстық БАҚ "Ресей қоғамы алдағы он жылдықта шынайы статистиканы білмейтін болады, бәлкім ешқашан білмей өтеді" деген тұжырым жасауда. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар