Жалпы жер көлемі 4,5 млн шаршы шақырым болатын Түрік мемлекеттерінде 150 млн аса адам тұрады. Олардың ЖІӨ $1,5 трлн құрап, әлем экономикасында 13-ші орынды иеленеді.
Түрік елдерін біріктіріп, біртұтас Тұран мемлекетін құру идеясы нешелеген жылдар бойы өзекті болып келеді. Қазіргі жаһандану дәуірінде Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Түркияның маңына топтасқан біртұтас түркі мемлекетін құру ең дұрыс шешім дегенді жиі айтады.
Саяси тұрғыдан ынтмақтасу қашанда экономикалық ынтымақтасудан бастау алады. Бірақ осы экономикалық ынтымақтасу түрік республикалары арасында өте әлсіз. Әзербайжан, Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан – әлемдік нарықта энергия көздерін сатудан бәскелестер болып табылса, Қазақстан мен Қырғызстан Ресей тізгінін ұстаған Евразиялық одаққа мүше ретінде өзге бір ынтымақтастық процестің бір бөлшегіне айналып отыр.
Сиырдың бүйрегіндей ала құла түркі әлемін біріктіру де оңайға соқпайды. Бірқатар түркі елдері Иранның, Африка елдерінің, Украинаның, Ресей және Молдованың құрамында қалып отырғанында ескеруге тиіспіз. Сондықтан бұл одақты әлем мен ТМД саяси сарапшылары саяси-экономикалық дегенннен гөрі мәдени қарым-қатынастық «Түрік әлемі» дегенге саяды.
ҚР СІМ-і мәлімдеуінше, Ердоған 3 қарашада Қазақстанға келеді. Ол Түркі мемлекеттері одағының жиынына қатысады.
Екі ел арасындағы жан-жақты ықпалдастықты нығайтып, дамытуда 1994 жылғы 17 қазандағы Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы келісім мен 2009 жылғы 22 қазандағы Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімдер маңызды рөл атқарқарып келеді.
2022 жылғы 2 наурызда Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы аталып өткен. Соның негізінде 2022 жылғы 12 қазанда Астана қаласында қазақ және түрік тілдерінде «Бірлескен мәлімдеме» қабылданғанын жақсы білеміз. Осы мәлімдемде екі ле арасында ынтмақтастықтың 16 бағыты сараланып көрсетілді.
Аталған 30 жылда ортақ тарих, тіл мен мәдениетке негізделген достық пен бауырластық байланыстардың, көп қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына қос президенттің де көңілі толатындығын БАҚ жиі жазып келеді.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның осы жолғы сапарында біраз түйткілді мәселелер өз шешімін табатыны анық.
Mezgil.kz