Украина жойқын шабуыл жасады: Өртенген порт, жойылған сүңгуір қайық

Украина әскері оккупацияланған Қырымдағы Севастополь қаласына зымыран соққысын жасады. Зымыран шабуылы Севастополь қаласындағы кеме жөндеу зауытына бағытталған еді.


В Севастополе начался крупный пожар после ракетной атаки. Что было  повреждено — Properm - последние новости Перми и края

 

Әлеуметтік желіде шабуыл түсірілген фото-видеолар лезде тарап кетті. Ресей Қорғаныс министрлігі шабуылдың болғанын ресми мәлімдеп, былай деді: «Түнде Украина қарулы күштері 10 қанатты зымыранмен Севастополь қаласындағы С.Орджоникидзе кеме жөндеу зауытына шабуыл жасады. Шабуылда үш теңіз дроны да қолданылды. Әуе қорғаныс жүйелері зымырандардың жетеуін қағып түсірді, үш теңіз дроны суда жойылды. Қалған зымырандар зауытқа тиіп, жөндеуде тұрған екі кеме зақымданды».

 

Ресми түрде Ресей билігі екі кеменің зақымданғанын мойындады. Артынша ол кемелердің түр-сипаты анықталды. Украина барлау қызметі десанттық кеме мен сүңгуір қайықтың істен шыққанын айтуда.

 

Ақпарат көздері «Ростов-на-Дону» сүңгуір қайығы мен «Минск» үлкен десанттық кемесі істен шыққанын жазуда. Екі кеме де зауыт бухтасында жеңіл жөндеу жұмыстарында тұрған.  Бұл соғыс басталғалы жойылған алғашқы сүңгуір қайық саналады. 

 

Украина әскері шабуылға нақты қандай зымырандарды қолданғаны белгісіз. Қазіргі уақытта Украинада Қырымдағы нысандарлы атқылауға қабілетті Storm Shadow, Scalp зымырандары бар. Сонымен бірге ескі, кеңестік С-200 зымыраны да қолданылуы мүмкін.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар