«Қазақ болмаған», - деген депутат: Бұрынғы КСРО елдерімен түгел соғысамыз!

Ресейдің кеудем соқтығы жұрттың бәрін тойдырып болды. Украинаға тісін батырмақ түгіл, маңдайынан сыйпай алмай да қалды. Арнайы әскери шарғының тұмысығының тасқа соғылуы Орталық Азия билігін де ойланта бастады десек, еш артық айтқандығымыз емес.

1694767470274667.jpg

Үнемі Орталық Азия елдерін ашсақ алақынымызда, жұмсақ жұдырығымызда ұстаймыз деген Кремль үміті ақталмады.

Сол себепті Ресей мемлекеттік думасының депутаты Евгений Федоров: «Ресейге бұрынғы СССР елдерінің әрқайсымен соғысып шығуына тура келеді», - деп мәлімдеме жасап, оны Кремлшіл телеграм-арналарда жарыса жариялады.

КСРО-ны аңсаңушы депутат: «Бұрынғы республикалардың бәрі ерте ме, кеш пе, Ресеймен қақтығысады не соғысады. Бұл теория мәселесі. Кейбірі мысалы, Беларусь қазір соғыспас. Грузия соғысқан, Украина. Бұның Арменияға да қатысы бар», - депті.

Еске сала кетейік, Думаның аты мәшһүр бұл депутаты Путин партиясының өкілі. Ол осыған дейін: «Қазақстан деген мемлекет, қазақ деген ел болмаған», - деп екі ел арасында дау тудырған.

Қайсыбір жылы: «Қазақстан астанамыз Орынбор болған дейді. Шындығында Орынбор да, Қызылорда, Алматы да, Қазақстан да Ресейдің бір субъектісі болды. Қазақ халқы болған емес. Халық деген ең жоғары статуста құрылады, әлемдік соғыс негізінде. Қазақстан деген болған жоқ. 1922 жылғы негізге қарасақ оның тіпті 1 ммде жері жоқ. Қазақстан заңсыз және уақытша мойындалған деп пайымдаймын», - деп сөйлеген.

Біздің билік осы бір атасының атын жамылған бәлкетке қарсы сөз айтуда аузына су толтырып алуда.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар