Әлемнің назары АҚШ-та: Қазақстан қандай келісімдер жасасты?

Бүгінде бар әлемнің назары АҚШ-та. Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78 сессиясы өтуде. Аталмыш ұйымға мүше елдердің басшылары жиналып, жаһанның мәселесін, түйткілін айтып, шешімін ұсынып, пікірін алмасуда. Қазақстан да бұл жиынға қатысып жатыр.


Казахстан и США договорились сотрудничать для снижения последствий от  санкций - 24.12.2021, Sputnik Казахстан

 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев АҚШ-тың әлемге әйдік алпауыт компанияларының басшыларымен кездесіп, келіссөз өткізуде. Келіссөздер сан саланы қамтиды. Ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, логистиканы дамыту, қаржылық сектор мен мұнай саласындағы әріптестік және басқа. Қысқаша тоқталсақ.

 

Wabtec компаниясымен келіссөз өтті. Аталмыш компания елімізде жаңа локомативтер өндіретін болды. Осы мақсатта елімізге 1 млрд доллар инвестиция құйылмақ. Бұл көлік-логистика саласына қатысты маңызды келісім. Ақтау, Құрық порттарына жүк жеткізу, Каспий арқылы Әзербайжан, Грузия, Түркия маршрутымен Еуропа нарығына шығу мүмкіндігі арта түспек. Ресей мен Украина арасындағы соғыс біз үшін дәстүрлі болып келген логистикалық бағыттарды тас-талқан етті. Соғысқа дейін Қазақстан тауарының басым бөлігін Ресей аумағы арқылы тасыса, ендігі таңда тасымалдау маршруттарын өзгертуге тура келді. Бұны логистика саласындағы диверсификация деп атасақ та болады.

 

 Citigroup компаниясы Қазақстан темір жолы мен Wabtec компаниясы арасындағы қаржыландыруды ұйымдастырмақ. Бұл Қазақстан темір жолы локомотивтерін 15% жаңартып, мемлекетіміздің аймақтық транзиттік әлеуетін кеңейтеді. Еліміз үшін аса маңызды мәселе. Себебі теміржолдың вагондары тозған, жылдамдығы баяу, ал өзі тек мемлекеттік субсидияға қараған қалпы келе жатыр. Мәселені депутаттар да, белсенділер де өткір көтеріп, айтып келеді. Бір шешімі әлемдік компаниялармен келісім жасай отырып, локомотивтерді жаңарту.

 

Mastercard-ты көпшілік жақсы біледі. Міне, осы компаниясының ТМД-дағы, орталық және шығыс Еуропадағы консалтингтік бағытты дамыту бағытындағы өңірлік хабы Алматы қаласында орналаспақ. Компания елімізде Strive бағдарламасын іске қосады. Бұл шағын және орта бизнесті цифрландыруға кең мүмкіндік бермек.

 

Білім саласы аса маңызды. Осы саланы дамытуда Астана медицина университеті аясында GE Healthcare академиясы ашылатын болды. Еліміздің денсаулық сақтау саласында алпауыт компаниямен өзге де стратегиялық даму мәселелері талқыланды.

 

Ал БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеу, пікір алмасудан бөлек, ең маңыздысы біз үшін C5+1 форматындағы кездесу болмақ. Бұл АҚШ пен Орталық Азия елдерінің арасындағы дипломатиялық платформаға қатысты кездесу. Алғаш рет 2015 жылы іске қосылып, жұмыс жасай бастады. Негізгі мақсаты АҚШ-тың аймақтағы экономика, қорғаныс саласы, білім және экология және басқа салаларда қатысуды арттыру. Әлемдік бірінші державасы саналатын АҚШ-пен әріптестік сөзсіз мемлекеттердің дамуына үлес қосады. Бұл жолғы кездесудің ерекшелігі алғаш рет платформа аясындағы жиын мемлекет басшылары деңгейінде өтпек. Бұған дейін ол тек қана сыртқы істер министрлерінің деңгейінде өткен болатын. Яғни, осының өзі платформаның маңызды бөлікке айналып келе жатқанын көрсетеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар