«Путиннің бұлбұлдары» Қазақстанда сайрамақ

Путиннің пропагандасын өлермендене насихаттап, қолдап жүрген әртіссымақ Александр Шоу мен «Непара» тобы қазанның 28-і күні Алматы қаласында концерт бермек екен. Олар Республика күні өтер-өтпестен «Республика» сарайында ресейтілді әндерін шырқауды жоспарлап отырған көрінеді.

1695113340764677.jpg

Александр Шоу – Былтыр Путин билігі Украинаның қарапайым халқын қырып жатқанда Ресейді тастай қашқан өнерпаздарды тілдеген музыкант. Ол сол кезде: «Мен олар үшін (елден кеткен өнерпаздарды айтып отыр) мүлдем бас қатырмаймын. Өйткені олар мен үшін – өлген адамдар. Маған қашып кеткендермен байланысты нәрсенің бәрі ұнамайды», – деген қарағым.

Ендеше, Қазақстанда өткелі жатқан концерттен түсетін қаржыны басқыншылыққа немесе соны қолдауға жұмсайтыны айтпаса да түсінікті.

Концерттің билеті Topbilet.kz сайтында сатылымға шыққан. Құны 8000 теңгеден 45 мың теңгеге дейін. Ал біз, Республика сарайының үлкен залы екі мың жарымнан астам адамға арналғанын ескерсек, Путиннің бұлбұлының қалтасына 65 млн теңгеге жуық сомманы өз қолымызбен салып бермекпіз.

Сондықтан оны, жалпы соғысты қолдайтын қанқұмарларды, шекарадан бері аттатпауға тиіспіз. Өйткені басқыншылар ұлт пен ұлысты таңдамайды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар