Соғыс бітті. Капитуляция. Армяндар қаруын тастады.

Әзербайжанның Ходжавенд аймағында 19 қыркүйекте диверсиялық әрекеттен 6 адам қаза тапты. Жолға орнатылған минаға екі көлік жарылған. Аталмыш аймақ толық минадан тазартылғандықтан, Әзербайжан билігі Қарабақтағы заңсыз әскери топтардың диверсиясы деген болжамды айтты. Әзербайжан қоғамы дереу арада Қарабақтағы заңсыз армян әскери топтарын қарусыздандыруды сұрады.


Вооружённый конфликт Армении и Азербайджана в Нагорном Карабахе. Онлайн

 

19-қыркүйекте Әзербайжан түс ауа арнайы операция бастады. Операцияның басталуына қатысты Қарабақтағы Ресейдің бітімгерлік күштеріне ақпарат айтып, ескерткен. Операция жылдам әрі нақты соққы жасаумен жалғасты. Әзербайжан Қарабақтағы армян заңсыз топтарының әскери техникасын, әуе қорғаныс жүйелерін, әскери қоймаларын дәл соққымен жойды.

 

Операцияның өту барысы Еревандағы саяси дағдарысты күшейтті. Халық көшеге шығып, Үкімет үйін басып алуға тырысты. Бірі Пашинянды айыптаса, енді бірі Ресейге лағнет айтып жатты.

 

Әлемнің реакциясы әр түрлі бағытта өрбіді. Батыс елдері ұрыс қимылдарын тоқтатуды сұрады. БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен сөз сөйлеген Ердоған, Қарабақты Әзербайжанның жері дей отыра, операцияны өткізу құқығы барын айтты.

 

20-қыркүйек күні, Таулы Қарабақтағы армян топтары Ресейдің бітімгерлік күштері арқылы Әзербайжанға келісім ұсынды. Олар Әзербайжанның толық қарусыздану талабын орындайтынын, Қарабақтағы қарулы күштері мен техникасын Арменияға шығаратынын да жеткізді. Ал Қарабақтағы армян өкілдері мен Әзербайжан билігі Евлах қаласында кездесіп, 21-қыркүйекте келіссөз өткізбек. Осылайша әскери операция 24 сағатқа жетпестен армян заңсыз әскери топтарының капитуляциясымен аяқталды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар