Украина Қара теңіздегі Ресей құрсауын бұзды

Стамбұлға Одесса портынан шыққан алғашқы астық тиеген кеме келіп жетті. Бұл Ресей астық келісімінен шығып, Қара теңізді бұғаттап, Украина порттарын атқылап жатқан сәтте іске асты.


Украина прорвала российскую морскую блокаду. Первое судно с зерном уже в  Босфоре - BBC News Русская служба

 

Палау туымен шыққан Resilient Africa кемесі «Черноморск» портынан 19-қыркүйек күні шыққан болатын. Кеме бортында үш мың тонна астық бар. 21-қыркүйек күні кеме Босфор портына келіп жетті. Бұл сынақ режиміндегі маршрут болғандықтан, енді тағы бір кеме шықпақ. Aroyat кемесі 20 мың тонна астық тиеп, Түркияны бетке алмақ.

 

Қазіргі уақыттағы жаңа маршрут бұрынғыдай кең көлемді қамти алмайды және қауіпсіздік мәселесі де толық шешілмеген. Алайда Ресей агрессиясына ұшырап жатқан Украина үшін Қара теңізден астық тиеп шыққан әр кеме маңызды. Украина астығын саудалап үлгеруі тиіс. Алайда Ресей күн сайын украин порттарын атқылап жатыр, ЕО-ның бірқатар елдері арзан украин астығын кіргізуге тыйым салды. Міне, дәл осындай қиын сәтте Киев мыңдаған тонна тиеген кемелердің Қара теңіз арқылы Стамбұлға жете білгенін жетістік санайды.

 

Украина Жерорта теңізі аймағындағы астық өндіруде көшбасшы елдің бірі саналады. Ал Ресей екінші жыл қатарынан астық жинауда рекордтық көрсеткішке қол жеткізуде. Кремль астық келісімінен шығу арқылы азық-түлік блокадасын жасап, санкциялық қысымды азайтуды талап етуде.

 

Кремль Украина астығын Қара теңіз арқылы тасымалдауға тыйым саламын деп, теңізді миналап, украин порттарынан шыққан және портқа келген әр кемені атқылайтынын айтқан болатын. Алайда бұл Ресейдің Қара теңіз арқылы өз астығын тасымалдауына да кедергі келтіруде. Украина Қара теңіздегі Ресейдің кемелеріне теңіз дрондары арқылы шабуыл жасауда. Соңғы бір айда украин сарбаздары Қара теңіздегі ресейлік екі десанттық кеме мен танкерді жарған.

 

Түркия басшысы мен Ресей президенті қыркүйек айында Сочиде кездесіп, астық келісімін талқылады. Алайда Ресей келісімді жалғастырмайтынын анық көрсетті. Анкара мен Киев тамыздың соңында жағалау маңы арқылы астық тасымалдау маршрутын келісті. Келісімге Ресейді шақырмады. Жаңа маршрут арқылы Ресей 2022 жылдың ақпанында Одесса портынан шығуға кедергі жасаған бес кеме астық тиеп, Түркияға қарай бет алмақ. 

 

Киев үшін Одесса портынан астық шығарып, оны өзге елдерге жеткізе білу маңызды. Бұл Ресейсіз келісімді іске асыра аламыз деген ойды білдіреді. Алайда Мәскеу Қара теңізді толық бақылауда ұстап тұрғанын білдіру мақсатында, жаңадан ашылған маршрут жұмысын да тоқтатуға тырысатыны анық.  

 

Әскери сарапшы Филлипс О’Брайен былай дейді: «Украина астық келісімінен шығып, толық құрсау жариялаған Ресейдің құрсауын бұза алды ма, жоқ па оны жақында білетін боламыз.  Қазір соғыстың теңіз бөлігінде маңызды оқиға болып жатыр. Украинада теңіз кемелері жоқтығын ескерсек, бұл тіпті теңіз соғысындағы тарихи оқиға десек те болады. Украина флоты жоқтығына қарамастан ресейлік кемелерге қауіп төндіре алатынын көрсетті. Теңіз дрондары Ресей кемелерінің қорқынышына айналды. Ал жақында Қырымдағы екі кемені шабуылдап, жойған сәті Ресейдің бұл аймақтан кемелерін тысқары аймаққа әкетуге мәжбүрлеуде».

 

Сарапшылар Украинаның Қара теңіз арқылы астық тиеген кемені Түркияға жіберіп, оның Стамбұлға жетуі алдағы уақытта бұл бағытта кемелердің артуына әкелуі мүмкін екенін болжауда. Сонымен бірге бұл Қара теңіздегі қақтығысты да ұлғайтуы ықтимал.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар