Лукашенконың сарайлары: 660 долларлық сабын салғыш, тікұшақ алаңы, қысқы бақ

Беларусь билігінен шыққан, басым бөлігі бұрынғы полиция және күштік құрылым қызметкерлерінен құралған BELPOL ұйымы жақында ғана Беларусь басшысы Лукашенконың жеке сарайына қатысты «Душ впечатлений» атты деректі фильм жариялады. Зерттеушілер аталмыш сарайды беларусь басшысы 14,4 млн долларға салғанын айтады.  


17 дворцов Батьки: в каких резиденциях живет Лукашенко и почему строит  новые | Власть | Republic

 

Резиденция Минск қаласындағы Красноармейская, 15 мекен-жайында орналасқан. Бұл Лукашенконың ресми администрациясынан алыс емес, сол маңда. Минск ақпарат көздері екі жыл бұрын дәл осы мекен-жайда мемлекеттік аурухана салынатыны жайлы жазған болатын.

 

BELPOL ұйымы қолдарына аталмыш резиденцияға қатысты жүздеген құпия санатына жататын құжаттардың түскенін айтады. Онда сарайдың ішкі келбеті, нақты салу жоспары, келісімшарттар мен құрылыс материалдары және оған мемлекеттік бюджет есебінен бөлінген қаржы жайында айтылған.  

 

Деректі фильмде резиденция интерьеріне қатысты бірқатар ақпарат айтылады. Мысалы резиденция ауласындағы сәкіні жасауға 60 мың долларға жуық қаржы кеткен. Ал резиденцияның бірінші қабатындағы төрт диванның құны 10 мың доллардан жоғары екені айтылады. Сонымен бірге резиденцияда арнайы аймаққа орнатылған бассейн, спа бөлмелер, бірнеше джакузи, массаж қабылдау бөлмесі, сауна, түрік хамамы, бірнеше душ бар. Құжаттың бірінде сабын салғыштың құны 660 доллар деп көрсетіліпті.

 

Екінші қабат жұмыс істеу аймағы ретінде жасалған. Онда екі келіссөз жүргізу залы мен ірі конференция алаңы бар. Үшінші қабат ас ішу алаңынан тұрады. Қымбат ыдыстар, қымбат ағаштан жасалған үстелдер де осы қабатта орналасқан.

 

Төртінші қабатта жеке дәрігер кабинеті, демалыс орны, күзет бөлімшесі, би алаңы орналасқан. BELPOL-дың есептеуінше резиденция құны құжаттарға сай 14,4 млн доллар тұрады. Резиденцияның Лукашенкоға тиесілі екенін құжатта ғимаратты қабылдап алушы тараптың Лукашенконың жеке күзет қызметінің басшысы екені көрсетілген.

 

Бұған дейін «Зеркало» басылымы Лукашенкода кемі 17 резиденция бар екенін жазған еді. Онда Лукашенко көбіне Минск маңындағы Острощисктегі резиденциясында тұратыны айтылған.   

 

2021 жылы  Nexta телеграм арнасы «Лукашенко. Золотое дно» атты деректі фильм жариялап, жыл сайын Беларусь басшысының резиденцияларына жүздеген миллион доллар қаржы жұмсалатыны айтылды. Қаржының басым бөлігін Лукашенко Ресейден алған несиеден жұмсаған дейді фильм авторлары. Фильмде Лукашенконың ең қымбат резиденциясы Минскте салынған «Тәуелсіздік сарайы» екені көрсетілген. Беларусь президенті бұл сарайды салуға бюджеттен бір тиын бөлінбегенін айтса да, сарапшылар сарай құны 250-280 млн доллар екенін айтады. Онда сауна, қыста серуендеу бағы, тікұшаққа арналған алаң, қару қоймасы, жеке дәрігер бөлмесі, шарап қоймасы және басқа бар. Сарайдың көлемі 50 мың шаршы метрден тұрады.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар