Сауд Арабиясы: Біз ядролық қару жасау керекпіз!

АҚШ-тың Fox News арнасына Сауд Арабиясының тақ мұрагері, ханзада Мұхаммед Бен Салман сұхбат берді. Ол «Иран ядролық қаруға ие болатын болса, онда Сауд Арабиясына да ядролық қару жасауына тура келеді» деген еді. Бұл Таяу Шығыстағы қызу талқыға айналған тақырыптың бірі болды.


Принц Саудовской Аравии предупредил, что при ядерном ударе будет «война со  всем миром» | Новости Таджикистана ASIA-Plus

 

Бұл бірінші мәрте жасалып отырған мәлімдеме емес. 2018 жылы ханзада осыған ұқсас мәлімдемені жасаған болатын. Алайда ол мәлімдемесі Иранды тежеу рөлін ойнай алмады, ал Тегеран уранды байытуды жалғастырып, ядролық қарудың алғашқы оқтұмсығын жасауға тым жақын қалды. Оны АҚШ-та, Израиль барлау қызметтері мен Еуропа сарапшылары да айтуда. Алайда Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату үшін әлі де дипломатиялық тәсіл ұсынылып келеді. Ресми Тегеран ешқандай да ядролық қару жасап жатпағанын сан мәрте мәлімдеп, уранды тек бейбіт мақсатта қолданатынан айтқан болатын.

 

Эр-Рияд ядролық бағдарлама жайлы соңғы уақытта жиі айтуда. Алайда Сауд Арабиясы бейбіт мақсаттағы уран дегенді айтпай, бірден әскери мақсатта қару жасау ықтималдығын айтуда. АҚШ-тың Atlantic Council зерттеу институты сарапшылардың Иранның ядролық бағдарламасына қатысты пікірін білген болатын. Жауап берген сарапшылардың 68 пайызы алдағы он жылдықта Иранда ядролық қару болатынына сенімді, ал Сауд Арабиясында ядролық қару болу мүмкіндігін 41 пайыз деп жорамалдаған. Иранның ядролық қару иемденуі Таяу Шығыстағы күш балансын өзгертетіні анық, сәйкесінше Сауд Арабиясы мен Израиль бірлесе әрекет етуі де ғажап емес. Бұл сарапшылардың ойы. Соңғы уақыттағы Израиль мен Сауд Арабиясының қатынасты жандандыру мақсатындағы әрекеттері бұл болжамды қуаттай түсетіндей.

 

Сауд Арабиясы мен АҚШ қауіпсіздік саласындағы әріптестікті арттыруда. Алайда Саудия билігі Вашингтоннан ядролық қару саласында да әріптестікті күтеді. Олар АҚШ ядролық қаруды таратпау туралы ұстанымынан бас тарта отырып, өз одақтастарына ядролық қару иемдену мүмкіндігін беруі тиіс деп санайды. Алайда АҚШ Конгрессі бұл мәселеге байланысты өз ойын ашық білдірген. Бір елге ядролық қару жасауға ресми рұқсат беру, тізбекті реакцияны туындатады деп санайды және әлемнің қауіпсіздігіне орасан қатер төндіретін жайтқа ұласуы мүмкін.

 

АҚШ билігі Таяу Шығыстағы күш балансының өзіне тиімсіз бағытта өзгеруін қаламайды. Ресей мен Иранның соңғы уақыттағы қорғаныс саласындағы әріптестігі де Вашингтонды алаңдатуда. АҚШ пен Салман бастаған Сауд Арабиясының билігі Таяу Шығыстағы саяси өзгерістерге қазірден дайындалу керектігін ескеруде.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар