Қазақтан шот ашып, салығын Ресейге төлейді: Қос ресейлік қаржысыз қалды!

Кеше Ресейдің мемлекеттік Думасы тағы бір рет шырылдап қоя берді. Бұған себеп, Американың компьютерлік ойындар мен бағдарламалық жасақтаманы әзірлейтін «Epic Games» деген команиясы Ресей спортшыларына 200 мың доллар жүлдесін бермей қойыпты. 

1695887207690940.jpg

Мұны көріп-біліп отырған РФ Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Дмитрий Свищев аталған компанияны сотқа беру керек деп екіленіп отыр. Санкциядағы Ресейдің алғашқы алашапқындығы емес қой, дейін десек, бұл дауда Қазақстанның да аты аталады.

Болған істің жай-жапсары былай: «Epic Games» ақорыстардың елінде «FNCS 2023 major 3: Europe — Grand Finals» турнирін ұйымдастырған. Турнирге қатысқан киберспортшылар Даниил Абдрахманов пен Егор Люсико «Fortnite» ойыны бойынша жеңіске жеткен. Ұйымдастырушылар болса, бәйгеге тігілген 200 мың долларды төлеуден бас тартқан және Абдрахмановты Копенгагендегі «FNCS» турнирінен шеттетіп тастаған.

Мұның себебі айтпаса да түсінікті, басқыншылықты қылмыс деп танитын мемлекеттер импершіл Ресейдің спортшылары мен әртістерін түрлі-түрлі жарыстардан шеттетті; өйткені олар өліп-тіріліп алған бәйгесінің шетінен Путин жүйесіне салық төлейді, ал ол салық жазықсыз халыққа оқ боп атылады.

Бұл жаңалықтың елімізге қатысты тұсы бар: Аты аталған екі спортшының да банк есепшоттары Қазақстанда тіркелген.

Ресей соғысқа жаппай жұмылдыру жұмыстарын жүргізе бастағанда олардың спортшылары Қазақстанға ағылды. Басқыншылықты қолдайтындары мен көшуге мүмкіндігі болмай қалғандар, санкциядағы Ресейдің әлеммен байланысы үзіле бастағанда, банктері мен банк карталары бұғатталып, свифт жүйесінен ажыратылғанда шекарадан бері өтіп, банк карталарын аштырып алған.

Осы ретте заңды сұрақты туады: Қазақстан дегенде осы екеуінің қайсысының емешегі үзіліп тұр? Оларға Қазақстан қажет пе, әлде оның игіліктері керек пе?

Әрине, отаршылдары да, отансыздары да қазақ халқының салығынан түскен ақшамен қалталарын қампитып алады да, күндердің күні болғанда талтаң-талтаң етіп тайып тұрады. Ал басқыншы елдің босқындары мен қашқындарын паналатқан Қазақстанның жай-күйі не болмақ?

Әуелі, санкцияға іліну қаупі күшейе түседі. Бұлай болмағанның өзінде, елдің түкпір-түкпіріндегі қаракөз спортшыларымыздың жолы да, қолы да белгілі бір дәрежеде байланады. Бұлай дейтін себеміз, өз спортымызды дамытып, өз спортшыларымызды қолдауға жұмсалуы тиіс қаражат қаңғыбастардың қарынын жуандата түседі. 

Жауабы белгілі тағы бір сұрақтың құлағы қылтиып тұр: Отаршылдар Отанымызға опа таптыра ма?

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар