Украина: Қырымда сойқан шайқас болады. Ресейліктер, тез қашып үлгеріңдер!

Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещук Ресейліктерге: «Украинаның Қырымында қалу сіз үшін қауіпті», - деп жар салды.

1696148572926034.jpg

Украина премьер-министрінің орынбасары, уақытша басып алынған аумақтарды реинтеграциялау жөніндегі министрі Ирина Верещук Қырымда заңсыз жүрген Ресейлік бейбіт тұрғындарды аймақтан кетуге шақырды.

«Кейінгі жылдары біздің Қырымға заңсыз кірген мыңдаған Ресейлік неден үміттенеді, түсінбеймін. Қырым көпірі құлағанда (бұл уақыттың еншісіндегі іс, дегенмен солай болары анық), құрлық дәлізі кесілгенде, түбекте шайқас басталғанда олар не істейді?» – деді ол.

Верещуктің айтуынша, жол жабылып, жан-жақта ұрыс жүріп жатқанда мыңдаған бейбіт тұрғын түбектен тез арада кетіп қала алмайды.

«Сондықтан түбекте заңсыз жүрген ресейлік бейбіт тұрғындарға айтар өтінішім, Украинаның Қырымында қалу сіздер үшін қауіпті. Кетіңіздер. Бұған ат үсті қарамаңыздар», – деді Украина премьер-министрінің орынбасары.

Естеріңізде болса, Қырымды Украинадан тартып алғаннан кейін Ресей аталмыш көпірді салуға миллиардтаған қаржы құйған. Кремль үшін Қырым көпірінің маңызы орасан. Сондықтан да оны 2018-жылдың 15-мамырында Путиннің өзі барып ашты.

Ресей кезекті басқыншылық әрекетін жасағаннан бері Украина Қырым көпірін құлататынын сан рет мәлімдеген. Мәлімдеп қана қоймай, бірнеше мәрте жойқын шабуыл да жасады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар