Петиция: Тәуелсіз Қазақстанда Ленинге ескерткіш орнату нағыз масқара!

«Атың шықпаса жер өрте» деген ұлағатты сөз Ресейдің солшыл идеологиясымен уланған отандастарымызға қаратыла айтылғандай.

lenin-v-gorno-altajske05.jpg

Қазір қазақ қоғамы нақты ұлттық идеологияның жоқтығынан тілдік қана емес, идеологиялық нышан белгілерге қарай бөліне бастады. Оған мысалды алыстан іздеп керегі жоқ. Ресей телеарналарының медиа кеңістігіміздегі үстемдігі Шығыс және Солтүстік аймақтарда басым екендігі дау турмайтын шындыққа айналды.

Оған куә Лениннің ескерткішін ШҚО Алтай қаласында қалпына келтіру туралы КСРО-ны аңсаушылардың ұсынысы.

Қазір КСРО деген мемлекет жоқ. Оның мұрагері ретінде Путиндік Ресей жұрт санасын барынша улап жатыр. Оған біздің кейбір түсінігі таяз отандастарымыз қос қолын көтере еретін болды.

Бұның себебі Ресей Украинадағы соғысын ақтау үшін Кеңестік кешегіні уағыздауға Орталық Азия елдерін таңдап алуы да тегін емес. Осы алдауға түскендер арасында Алтай қаласында 15 тамыз күні құрылыс жұмыстары кезінде құлаған Ленин ескерткішін мемлекет қаражатына қалпына келтіруге талпынушылар болып табылады. Олар өздерінің қай елде тұрып жатқанын ескерулері тиіс.

Осы ескерткіштің қалпына келтіруіне қатысты қарсылық петициясы жазылып, әлеуметтік желіде жария болды. Сонымен Ленин ескерткішін тұрғызуды қалаушыларды жікшіл, ел тәуелсіздігіне сына қағушылар деп тануға негіз бар. Бұл енді Ресейдің Украинаға ашқан соғысын ашық қолдаумен бірдей үрдіс.

Осы петицияға қатысты ел Үкіметінің қандай ұстанымда болатынын уақыт өзі көрсетеді. Әрі КСРО-ны армандаушыларға заңмен тосқауыл қоятын уақыт жеткен сыңайлы!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар