Ресей: Репрессия құрбандары кешенінде Сталинге ескерткіш орнатылды!

Ресейдің Тверь облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Медное» мемориалдық кешенінде Иосиф Сталин, Владимир Ленин, Михаил Калинин және Феликс Дзержинскийге арнап ескерткіш орнатылды. Кешендегі ескерткіш фотосуреттерін ресейлік саясаттанушы Даниил Корпусов өзінің әлеуметтік желісінде жария еткен.


Депутат из Набережных Челнов заявила, что Сталина не поддерживают «подлые  люди» - Газета.Ru | Новости

 

Аталмыш кешенде 1940 жылы НКВД бөлімшелері өлім жазасына кесіп, атылған поляк әскерилері мен саяси қуғын-сүргін құрбандары жерленген. Кешенде Украина-Ресей соғысына дейін «соғыс және қуғындау құрбандарына арналады» атты жазу болған. Кейін ол жазу әп-сәтте жоғалып кеткен.  

 

Ресейлік саясаттанушы Корпусовтың сөзінше бұл мемориалда арнайы көрме өтпек, ескерткіштерді сол мақсатта орнатуы мүмкін. Алайда мемориалдың сайтында оған қатысты мүлде ақпарат жоқ.


Возможно, это изображение памятник и текст

 

«Алдымен Кировтың бюсті тұр, соның өлімінен кейін жаппай репрессия басталды ғой. Одан кейін Сталин және басқаларының бюсттері дегендей. Бұл тарих, үлкен дәуір. Олардың репрессияға қатысы жоқ па не? Бар. Менің ойымша барлығы да түсінікті, логикаға сай», -дейді кешен басшысы Чуносов. Ол осылайша бюсттердің тұруын құп көретіндей.


Возможно, это изображение шахматы и памятник

 

«Мемориал» құқықтық ұйымының пікірінше ескерткіштерді орнатуға қатысты тапсырманы Мемлекеттік орталық музей беруі мүмкін. Әлеуметтік желі қолданушылары миллиондаған адамды азапқа салып, ату жазасына кескен сұм кезеңнің қасапшыларына қорым басында ескерткіш орнатып, бюст ашу сол құрбандарды қорлаумен бірдей дейді. Соңғы жылдары Ресейде Сталинді ұлықтау саясаты қайта басталды. Фильмдер түсіру, ескерткіштер орнату, әндер жазу, кітаптар шығару белең алуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар