Ресей бұрын отарындағы болған елдердің тарихын өтірік жазушы еді. Енді ол елдерде болып жатқан саяси-экномикалық, қоғамдық-мәдени оқиғалардың өңін айналдырып, жалған ақпарат таратуды жақсы жолға қоя білді.
Алысқа бармай-ақ қоялық, «Біз Украинамен емес, НАТО-мен соғысып жатырмыз» деген идеологиялық өтірікке сенетіндер жетіп артылады, Ресейде һәм орыс тілді өзге мемлекеттерде.
Өтірікті ту қылған Ресей ақпараттық мәшинесінің ең соңғы фейкі: Зеленскийдің әйелі Елена Зеленскаяның Ресей паспорты бар деген ақпараты болып табылады. Біз оқырмандар талқысына Ресейдің әлемнің жағасын ұстатқан Украинаға қатысты 7 жалған ақпаратын ұсынып отырмыз:
Фейк 1. «Зеленский капитуляция жариялап, қашып кетті»
Фейк 2. «Ұлтшылдар «әскери» есірткі дайындайды»
Фейк 3. «Украин әскері «гуманитарлық дәлізді» атқылайды»
Фейк 4. «Украиндықтар «лас» ядролық бомба жасап шықты»
Фейк 5. «Батыс Украинадағылар шығыс аймақтардан көшіп келгендерді қабылдамай жатыр»
Фейк 6. «Еуропа Украинадан бас тартты»
Фейк 7. «Киев тұрғындарының пәтерлеріне «у» берілуде»
Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік, Ресей пропогандасы соғыс басталғалы-бері Украинаның Бас қолбасшысы Валерий Залужный мен Украинаның Бас барлаушысы Кирилл Будановты 20 мәрте өлді деп ақпарт таратқан.
Ресейліктер Украинаға қарсы соғыста қатігездігімен ғана емес, адамшылықтан безген бетсіздігімен жаға ұстады. Ресей насихаты фейк таратудың фабрикасына айналып отыр. Оған әлем түгіл, КСРО шапанынан шыққан ТМД елдерінің жұртшылығы еш сенбесе де, қарпайым Ресей тұрғындары имандай сенеді. Бірақ ақпараттық диверсанттардың дегені болға қойған жоқ. Тек өз бидайын өзіне қуырып беріп, Ресей халқының санасын улаумен шектеліп отыр.
Mezgil.kz