Соғыстың сұлбасы һәм Путиннің «мүрдесі»

Кеше, яғни, қазан айының 3-і күні, Украина президенті Владимир Зеленский қанды қасап соғыс жүріп жатқан Харьков облысына барып, Купянск-Лиман бағытындағы әскерилерді аралады. Бұл туралы президенттің кеңсесі хабарлады.

1696412873840803.jpg

Зеленский майдан шебіне сапары барысында Купянский бағытындағы шайқастарға қатысқан «Леопард 2» танкілері мен CV-90 жаяу әскерлерінің жауынгерлік көліктерін көрген.

1696412790917178.jpeg

Украина президенті майдан басталғалы бері соғыс ошақтарына жиі барып жүр. Ондағы сарбаздар мен әскери техникалардың жағдайын өз көзімен көріп, әскердің рухын жанып келеді. Ал мұндай қадамдардың соғыс барысын тіпті басқа арнаға бұрып жіберетін күші орасан екенін ескерсек, басқыншылардың жеңілу ықтималдығы жоғары екені айтпаса да түсінікті.

Өз көлеңкесінен қорқатын Путин болса, кеше Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерімен кеңес өткізді. Әрине, Путин кеңеске қатысушыларға экранның арғы жағында тұрып әңгіме айтты.

1696412736846502.jpg

Жалпы, Ресей Украинаға басып кіргелі Путин барынша сақ қимылдайды. Тіпті Кремльдегі қабылдауларында да алдына келген кісімен ат шаптырым қашықта отырып әңгімелеседі. Ал соғыс ошақтарынан көп көрінбеді. Биыл сәуір айында ғана жартылай оккупалацияланған екі облысқа – Херсон және Луганск облыстарына барған бейнематериялы жарияланды.

Бұл жағдайлар неден хабар береді: Путин ажалынан үш күн бұрын өлуден қорқа ма, әлде сол ажал Украина әскерінен келіп, абыройдан бос қалғысы келмей ме, болмаса Путин Ресейдің жеңілетініне сенімді ме немесе Путин әлдеқашан өліп те қалған болар?

Иә, ол философиялық тұрғыда әлдеқашан өлім құшқан. Ал мүрдеге бәрібір.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар