Жаңа соғыс: ХАМАС Израильге қарсы соғыс жариялады...

Газа секторын бақылаушы ХАМАС жасағы бүгін таңда Израильге соғыс жариялап, қалаларын жаппай атқылап жатыр. Кей деректерде, ХАМАС Израильге қарсы 5 мың зымыран ұшырғаны айтылуда.

1696672175438003.jpg

ХАМАС сарбаздары Израиль аумағына кіріп, ұрыс салуда. ХАМАС 1973 жылы, 6-қазанда басталған «Ақырзаман соғысы» деген атаумен тарихта қалған соғыстың 50 жылдығы қарсаңында операция жасауда.

1696671936336729.jpg

ХАМАС үндеуі: 

«Біз «Әль-Ақса бораны» атты операцияны бастадық. Барлық ұйымдарды бірлесе күресіп, Израильді жойып, қасиетті жерімізді толық азат етуге шақырамыз», - деді.

1696671977826831.jpeg

ХАМАС жасақтары шекара маңындағы Израиль қалаларына кірген. Қала көшелеріндегі қиянкескі шайқастардың видеолары әлеуметтік желілерге тарады.

Израиль Қорғаныс министрлігі 50 жылда алғаш рет соғыс жағдайын жариялауға мәжбүр болды. ХАМАС Израильдің оңтүстігіне басып кірді. Израильдің көптеген қалаларында дабыл қағылды. Тель-Авивтегі ғимараттарға да зымыран құлағаны айтылуда.

1696671841458818.jpg

ИЗРАИЛЬ үндеуі:

Израиль премьері шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесін жинады.

Израиль премьері Бенямин Нетаняху бейне үндеу жасады. «Біз соғыс жағдайындамыз. Бұл әскери операция емес, нағыз соғыс. ХАМАС Израиль мемлекеті мен халқына күтпеген соққы жасады, соғыс ашты. Мен бірінші кезекте Израиль жерлерін терроршылардан тазартуға тапсырма бердім. Жау бұл жасағаны үшін жауап беретін болады», - деді Ол.

1696671888164349.jpg

Ал Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галант: «Бүгін таңда ХАМАС үлкен қателік жасап, бізге қарсы соғыс ашты», - деп мәлімдеген.

Жауап ретінде Израиль Газа секторына соққы жасауда.

1696671994480691.jpeg

Израиль Қорғаныс министрлігі: «ХАМАС Газа секторы маңындағы 7 елдімекенді бақылауына алды», - деп ресми растады.

Израиль армиясы «Темір қылыш» деп аталатын контр-торрорлық операция бастады.

Даниэль Агари, «ЦАХАЛ-дың» баспасөз хатшысы: «Қазір Израиль ұшақтары Газаға соққы жасауда. Құрлықтағы операция енді басталады, дайындық қарқынды жүруде. Бірнеше сағаттан кейін біз Израиль әскерінің шынайы күшін Газаға көрсетеміз», - деді.

Mezgil.kz ақпараттық порталы ХАМАС пен Израиль арасындағы бұл шайқастар жайлы алдағы уақытта өз сапартамасын ұсынатын болады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар