Қамшының қылмыстық империясы: Млрдтаған доллар, жүздеген коттедж

2023 жылдың 4-қазанында Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі саналған Қамшы Асанбек қаза тапты. Ресми ақпарат бойынша ол құқық қорғау органдарына бағынбай, қарулы қарсылық танытып, оққа ұшқан.


Ликвидация Камчи Кольбаева. Что известно о воре в законе - | 24.KG

 

Бүгінде Қамшы және оның жақтастарының үстінен қылмыстық іс ашылып, оған тиесілі мүлік пен байлық есептелуде. Қамшының қылмыстық тобында болды деген 40-тан астам азамат тұтқындалып, тергеу изоляторларына тоғытылған. Оларға рейдерлікпен айналысты, кісі тонау және өлтіру, бопсалау сынды ауыр қылмыстарға қатысты деген айыптар тағылуда.

 

Тергеу амалдары Қамшы Асанбектің 2008 жылдан бергі әрекетіне сараптама жасап, оның қылмыстық империя құрып, өзі мен жақындарын байытуға барын салғанын анықтады. Ол кәсіпкерлермен байланысын арттырып, шетелде және Қырғызстан аумағында көптеген есепшоттар ашқан. Басым көпшілігін өзгенің атында ашып, заңсыз қаражатты салып отырған дейді тергеушілер.

 

Қырғызстан ҰҚК-сі жария еткендей, ол елдегі саяси үрдістерге де қатысып, өзінің әсерін тигізген. Сайлау процесстері мен кандидаттарды ұсыну, шенеуніктер арасындағы лауазым иемдену және басқа әрекеттерге де қатысы болған. Көптеген шенеуніктер оның қылмыстық абыройынан сескеніп, Қамшымен серіктес және сыбайлас та болған дейді ҰҚК.

 

Қамшы Асанбек өзінің байлығын қорғау мақсатында «күзет қызметі» деген желеумен бірнеше қарулы топ құрған. Оларды соңғы үлкідегі атыс қаруларымен, формамен қамтамасыз еткен. Бұл ҰҚК-нің мәліметі.

 

Қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Асанбек пен оның жақындарында 850 жылжымайтын мүліктің бар екені анықталды. Оның ішінде виллалар, коттедждер, көптеген пәтер мен демалыс орындары, аңшылық алаңдары мен пансионаттар, түнгі клубтар және басқа бар. Сонымен бірге қымбат, люкс деңгейлі 60-тан астам көлік бар екені белгілі болды. Басым көпшілігі брондалған көліктер санатына жатады.

 

Ақпарат бойынша бірнеше салынып жатқан тұрғын үй кешенінде Қамшы Асанбекке тиесілі 700 пәтер болған. Оның барлығы да мемлекет еншісіне өтпек. Ол шетелге де өз қаражатын шығарған. Қазіргі уақытта оның активтері 1 млрд долларды құрайды. Бұл белгілісі, тергеу аяқталғанда одан да көп болуы мүмкін дейді тергеушілер.

 

«Қамшы Асанбектің заңсыз активтерін анықтаудың бұл алғашқы нәтижелері. Оның активтерін іздеу ел ішінде және ел сыртында жалғасуда. Ресей, Қазақстан, Грузия, Түркия, БАӘ, Жапонияда оның кәсіптері болған», - дейді Қырғызстан ҰҚК-сі.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар