ISW: Ресей кемесі өз минасына жарылып кетті...

Ресейдің тағы бір кемесі зақымданып, істен шықты. Бұл туралы Украина теңіз әскери күштерінің өкілі Дмитрий Плетенчук мәлімдеді. Ол Севастополь маңында Қара теңіз флотына тиесілі «Павел Державин» кемесінің зақымданғанын айтты.  


Взрыв морской мины

 

Плетенчук кеменің неден зақымданғанын айтқан жоқ. «Мен бұл оқиғаның анық-қанығын әскери мақсатта айта алмаймын, алайда кеменің зақымданғаны факт» деді ол.  

 

«Павел Державин» - Ресейдің патурльдік кемесі, 219 жылдың ақпанында қолданысқа берілген. 2020 жылы кемені Ресей Новороссийск теңіз-әскери базасының құрамына қосқан болатын. Кемеде артиллериялық АК-176МА, Штиль-1 және Гибка орнатылған. Украинаның өзге де ақпарат құралдары ресейлік кеменің Севастополь маңында минаға түсіп, зақымданғанын жазған болатын. Ресей қорғаныс министрлігі аталмыш ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.


13-қыркүйекте Украина оккупациядағы Севастопольді зымыран соққысының астына алып, кеме жөндеу зауытын жойған болатын. Соққыдан Ресейдің «Минск» десанттық кемесі мен «Дондағы Ростов» сүңгуір кемесі талқандалды. Ресей аталмыш кемелер толық жөндеуден өтіп, қайта қатарға қосылатынын айтқан еді.  

 

Ал 14-қыркүйек күні Украина Қырымдағы С-400 әуе қорғаныс жүйесін жойды. Украина соңғы уақытта Қырым маңындағы Ресейдің әскери нысандарын соққыға алуды арттырды. Қара теңіздегі Ресей кемелеріне де шабуылды арттыруда. Ал ISW мәліметі бойынша Севастополь маңындағы ресейлік кеме Ресей минасына жарылып кетуі мүмкін дейді.  


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар