Құдыстағы «тозақ оты»: Аурухананы Израиль атты ма, ХАМАС па?

Кешегі әлем жұртының төбе шашын тік тұрғызған оқиға Газа секторындағы Ал-Ахли ауруханасына жасалған зымыран соққысы болды.

1697628104774085.jpg

Ақпарат көп. Және ақпараттардың мазмұны да әр алуан. Бір тарап: «Соққыны Израиль әскері (ЦАХАЛ) жасады», - десе, екінші тарап: «Аурухананы атқан – ХАМАС-тықтар мен «Ислам жиһадшыларының» өздері», - дейді.

Нақты факт: Газа секторындағы Ал-Ахли ауруханасы жасалған соққыдан қаза тапқандар саны 800-ден асқан.

1697627517169556.jpg

ЖАУЛАСУШЫ ТАРАПТАР НЕ ДЕЙДІ?

Израиль армиясы бір емес, бірнеше қайтара мәлімдеме жасап: «Ауруханаға соққыны біз емес, «Ислам жиһадшылары» жасады», - деп ақталып, әлекке түсті.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі: «Газадағы ауруханада қаза тапқандардың барлығы бейбіт тұрғындар болған. Олардың арасында әйелдер мен бала-шаға көп», - деп мәлімдеді.

ХАМАС мәлімдемесінде: «Газадағы ауруханаға жасалған соққы – геноцидтік қылмыс. Ондағы адамдар Газадағы қауіпті аймақтан көшірілген бейбіт тұрғындар еді», - делінген.

Израиль армиясының мәлімдемесінде: «Біздегі бар барлау мәліметтеріне сүйенсек, Газадағы ауруханаға соққыны «Ислам жиһадшылары» жасаған. Олардың сәтсіз ұшырған зымырандары аурухағана түскен. Олар жаппай зымыран ұшырған. Оны қағып түсірген сәтте, зымырандар Ал-Ахли ауруханасының төбесінде ұшып бара жатқан», - делінген.

«Ислам жиһадшыларының» мәлімдемесінде: «Қарсылас тараптың бізді айыптап жасаған мәлімдемесі жалған әрі негізсіз! Олар жауапкершілікті мойындарына алмауы үшін осылай жалған айыптау жасап жатыр», - делінген.

Құдыс Президенті  Ал-Ахли ауруханасына жасалған соққыдан кейін іле-шала үш күндік аза тұту жариялады.

Палестина Денсаулық сақтау министрі БҰҰ бастаған халықаралық және гуманитарлық ұйымдарға үндеу жасап: «Палестина халқын Израиль жүргізіп жатқан геноцидтік саясаттан құтқарыңдар», - деп мәлімдеді.

Израиль премьері Бенямин Нетаняху: «Газадағы ауруханаға соққыны біз емес, «Ислам жиһадшылары» жасады. Олар біздің балаларымызды ғана өлтіріп қоймай, енді өз балаларын да аямай қырып жатыр», - деп мәлімдеді.

Ал ХАМАС қозғалысы басшыларының бірі Халед Машал әлем елдерінің мұсылмандарын өз елдеріндегі Израиль елшіліктері алдына жиналуға шақырған.

Жапониядағы Палестина елшісі Али Сиям: «Израиль Газадағы ауруханаға соққы жасардан тұп-тура 1 сағат бұрын Ал-Ахли ауруханасына телефон соғып, ескерту жасаған», - деп мәлімдеді.

1697627914581968.jpg

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚ НЕ ДЕЙДІ?

Бұл соққыға Түркия президенті Ердоған бастаған, Палестина қостаған, барша басқа араб елдері өре түрегеліп, Израильді айыптады.

*Ресей мен БАӘ 18 қазанға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақырды. Ресей Газадағы ауруханаға жасалған соққыны қатаң айыптап: «Адамгершілікке жат әрекет», - деп сипаттады. Жауапкершіліктің бір ұшы АҚШ-та екенін айтты.

*ХАМАС лидері: «Газадағы ауруханаға жасалған соққының артында АҚШ тұр», - деп мәлімдеді.

*Пентагон Израильге ескерту жасап, «соғыс ережесінә сақтауға шақырды.

*Канада премьері Жастин Трюдо да «ауруханаға жасалған соққыны» айыптап сөйледі.

*Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель: «Ауруханаға жасалған соққы гуманитарлық ережеге жат», - деді.

*Түркия президенті Ердоған: «Халықаралық қауымдастық Газадағы зұлымдықты дереу тоқтатуға күш салуы керек», - деді.

*ЮНИСЕФ Газадағы оқиғаны қатаң айыптап, Израильге қайрылу жасады. Газадағы жұртқа гуманитарлық көмек көрсету үшін дәліз ашуға шақырды.

*Сауд Араабиясы Израильді айыптап мәлімдеме жасады.

*ЕО Сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррель де Газадағы оқиғаны айыптап сөйледі. Бірақ, кінәлі тарапты атамады.

*Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да Газадағы АЛ-Ахли ауруханасына жасалған соққыны айыптады.

*Сирия Изиарль мен Батыс елдерін айыптады. Елде үш күндік аза тұту күнін жариялады.

*Араб елдерінің БҰҰ-дағы тобы Газада атысты тоқтату режимін енгізуге шақырды.

*Ұлыбритания өз әріптестерімен мәселені егжей-тегжейлі зерттейтінін айтты.

*Марокко, Катар, БАӘ мен Вэнесуелла Израильді айыптады.

*Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар Фолкер Тюрк: «Кінәлілер анықталып, жауапқа тартылуы керек», - деп мәлімдеді.

*БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те Газадағы бұл жағдайды қатаң айыптап: «Ауруханалар мен медицина қызметкерлері Халықаралық гуманитарлық құқықпен қорғалады», - деді.

*АҚШ президенті Байден: «Газадағы ауруханаға жасалған соққыға Израильдің қатысы жоқ», - деп мәлімдеді.

*Иран мен Алжир де Израильді айыптады. «Қасақана әрі жоспарлы түрде жасалған әрекет», - деді.

*Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен: «Бұл соққағы ешқандай ақталу жоқ», - деді.

*Куба президенті Мигел Диас-Канел де Израильді айыптады.

*Қытай Ресей мен БАӘ-нің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жинау туралы бастамасын қолдады.

*Ирак, Мысыр, Пәкістан басшылары болған оқиғаны айыптап, кінәлі ретінде Израильді атады.

*Жапония, Германия мен Франция да ауруханаға жасалған соққыны айыптады. Тараптар егжей-тегжейлі тергеу жүргізу қажеттігін айтты.

*Афроодақ Газадағы ауруханаға жасалған соққыны «әскери қылмыс» деп атады.

1697627993174925.jpg

ИЗРАИЛЬ ЕЛШІЛІКТЕРІ АЛДЫНДАҒЫ НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯЛАРЫ

Кешегі оқиғадан соң, әлемдің бірқатар еліндегі Израиль елшіліктері алдында наразылық акциялары мен ереуілдер өтті. Атапа айтқанда: Түркия, Иордания, Ирак, Иран, Ливан, Палестина, Марокко, Германия, АҚШ-та Израиль елшіліктері алдында анти-израильдік шерулер өтті.

Ливандық «Хезболла» тобы сәрсенбіні «Қаһар күні» деп жариялап, Израильге кәрін төкті. 

Осы текетірес басталғаннан бері жөйіттер жағы –  1,4 мың, құдыстықтар – 3 мыңнан аса адамынан айырылып отыр. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада Израильді айыптаған халықтық шеру толқыны басталып кетті.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар