Құдысты қолдау акциялары: Мыңдаған адам соғысқа қарсы бас көтеруде

Бүкіл әлем бойынша жергілікті биліктің тыйым салғанына қарамай Құдыстықтарды қолдау акциясы өтіп жатыр. Тіпті Израильге бүйрегі бұратын Еуропаның өз басында Барселона, Марсель мен Афинада жұрт Құдыстықтарды қолдап шерулетті.

1697710728416284.jpg

Франция протесттік акцияларға ашық тыйым салып, мәлімдеме жарияласа да, 12 қазанда Парижде екі бірдей шеру болып өтіп, оған қатысушыларды полиция күшпен таратты.

Венаның орталығындағы Штефансплац алаңында өткен шеру кезінде 300 аса адам ұсталды.

Анти-Израильдік шеру барлық құрлықты қамтыды десек болады. Франция, Германия, Ұлыбритания да да Палестинаны қолдау акцияларына мыңдаған адам жиналды. 

Синдейдің опера театры маңында және Канададағы Торонтоның орталық алаңында мыңдаған адам қатысқан акциялар орын алды. Еуропа мен АҚШ-та шерушілерге полиция тарапынан күш қолдануы оқиғалары орын алды.

Газа секторындағы ауруханаға жасалған соққыдан қаза тапқан 800 адамның өліміне байланысты Түркия, Иран, Ирак, Иордания, Ливанда және өзгеде мұсылман елдерінде, Солтүстік Африкада да Израиль елшіліктері алдында Анти-Израильдік шерулер өтті.

Әшейінде осы екі ел арасындағы бітіп болмас жанжалға бей-жай қарайтын Оңтүстік Америка елдері де ұйқысынан оянып, осы жолы Құдыстықтарды қолдау жолына түсті. Чили астанасы Сантьягода мыңға тарта жан шерулетті.

Вашингтондағы Капитолийдегі өткен шеруге осы елдегі еврей ұлтының өкілдерімен бірге «Газадағы геноцид доғарылсын!», «Соғысқа жол жоқ, апартеидке өлім», «Америкалық еврейлер – соғыстың тоқтауын қалайды» лозунгтерін ұстаған мыңдаған адам жиылды. Олардың 500-ін полиция ұстап әкетті. Шерушілер Израильдің АҚШ бірігіп алып, Құдыстықтарды қорлауын доғаруға шақырды.

Аталған акцияны екі америкалық қоғамдық ұйым – «Jewish Voice for Peace» («Еврейлердің бейбітшіл үні») және «IfNotNow» («Егер қазір болмаса») ұйымдастырды.

«Біз АҚШ-тың Израильдің Құдысқа қарсы соғысына килігуін қаламаймыз», - деп ұрандатты жиналғандар. Әрі «Құдысқа азаттық берілсін», - деп айқайға басты.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар