Қазақстан азаматы соғыстағы Ресей әскеріне қару жеткізді деген күдікке ілінді

Қазақстанның азаматы Украинадағы Ресей әскерлерін қару-жарақпен қамтамасыз етті деген күдікке ілінді. Бұл туралы «BalkanInsight» жазды.

1697711796775798.jpg

Болгарияның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік агенттігі Украинада Ресей әскерилерін қару-жарақпен қамтамасыз етумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерінің ұсталғаны туралы хабарлады.

1697711645230132.jpg

Болгария департаментінің мәліметінше, қылмыстық топты Грекия азаматы басқарған. Олал «Вагнер» ЖӘК бөлімшелеріне және шешеннің «Ахмат» батальонына қару-жарақ жеткізуді басқарған. Ал Қазақстан азаматы операциялардан түскен түсімдерді есептейтін «бухгалтер» рөлін атқарған.

«Компанияның иесі – Грекия азаматы, Грузияда туған, есепшісі – Қазақстаннан, басқарушысы – төрт-бес төлқұжаты бар Ресейлік. Тағы бір Ресейлік азамат логистиканы ұйымдастырған.

Сонымен қатар, қылмыстық топтың құрамында Беларусь және Албан азаматы болған», – деп егжей-тегжейлі баяндады Болгария Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік агенттігінің басшысы Пламен Тончев.

Жабдықтаумен заңсыз айналысқан «Aflon» компаниясы Пловдив қаласында тіркелген. Қожайыны грек кәсіпкері Такис Трикодис, қазір полиция оны іздестіріп жатыр.

Ұсталған 12 топ мүшесінің бесеуіне айып тағылған. Компанияның қызметі мен оның қару-жарақ жеткізуіне қатысты тергеу әлі де жалғасуда.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар