Пригожиннің балалары: Әке үшін кек пен "Вагнердің" қайта оралуы!

«Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожиннің қазасынан кейін компания және оның активтерінің кімге қалатыны үлкен дауға ұласты. Сарапшылар вагнерліктер Ресей билігіне қауіп төндіргендіктен, компанияны таратып, қорғаныс министрлігінің құрамына қосады деп болжауда. Компанияға шартты басшы қойып, Кремль тікелей бақылау орнатады деген де болжам бар. Осы ретте Пригожиннің балалары да үнсіз қалмады.


Пригожин приехал в Белоруссию — РБК

 

Пригожиннің кіші қызы Вероника Пригожина жақында ғана жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Ол өзінің жеке кәсіпкерлігін 16 қазанда тіркеп, ФНС-ке № 7801 болып тұрған және Петербург қаласының Василеостровский ауданында кәсіпкерлігін тіркеген.

 

Пригожинаның жеке кәсіпкерлігі сегіз түрлі қызмет көрсете алады. Оның ішінде қаржылық аудит, сот процестеріне қызмет көрсету, кемелер мен пойыздарды тамақтандыру жүйесі, кеңес және ақпарат беру қызметтері, қаржылық саладағы әріптестікке қолдау көрсету, тұрмыстық заттарды жалға беру, офистерді жабдықтау. Мамандар барлық қызмет түрлері Пригожиннің млндаған доллар заңсыз байлығын заңдастыру әрекеттері болуы мүмкін дейді.

 

Вероника Пригожинаның жасы бар болғаны 18-де. 2022 жылы оған «Редстарс» қонақ үйін басқару рұқсаты берілді. Осылайша жасы мен тәжірибесі жетпесе де, Пригожина Петербургтің қақ ортасындағы төрт жұлдызды қонақ үйдің иесі болып шыға келді.  

 

Пригожиннің қазасынан кейін оған тиесілі компанияларды жабу немесе басшыларын ауыстыру әрекеті жүзеге асты. Мысалы Сирияда мұнай өңдеумен айналысқан «Велада» компаниясы Петербургтегі белгісіз полиция басшысына жазылған. Ал тағы бір Сирия аумағында мұнай сатумен айналысқан және Пригожинге тиесілі болған «Еуро Полис» компаниясы басшылық құрамын өзгертіп, жаңа құрамға қатысты ақпаратты жария етпеген. Пригожинге тиесілі болған медиаресурстар мемлекет қолына өткен.

 

Алайда ашық дереккөздерде Пригожиннің байлығының басым бөлігі оның ұлы Павел Пригожинге берілгенін айтады. Павел Пригожин 3 қазанда алғаш рет мәлімдеме жасап, «Вагнерді» басқару құқығын қолына алғанын айтты.

 

«Мен Вагнер компаниясын басқаруды өз қолыма алдым. Жақында вагнерліктер арнайы операцияға қайта оралып, нацистерді қыруды жалғастырады. Менің әкемнің ісін менен басқа жалғастыратын адам жоқ. Қайғырып отыратын уақыт қалмады», - дейді ол. Өз мәлімдемесін Павел Пригожин өзінің телеграм арнасында жариялаған. Ол сөз арасында әкесінің қазасына қатысы барларды жазалайтынын да айта кеткен.

 

Ақпарат көздері Пригожин бар байлығын ұлына қалдыру туралы өсиет хат дайындағанын айтады. Хатта 100 млн доллар көлеміндегі байлық пен «Вагнер» компаниясының иелігі ұлыны тиесілі дейді. Алайда Пригожиннің жасырын заңсыз байлығы 2 млрд доллардан да асады деген деректер бар.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар